Шпаргалка по "Медицине"
Автор: Samalka08 • Февраль 11, 2021 • Шпаргалка • 15,795 Слов (64 Страниц) • 426 Просмотры
Дифференциальді сынақ сұрақтарының тізімі:
1. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология
2. ҚР медицина қызметкерлерінің қолды өңдеу әдістері мен деңгейлері.
3. Емдеу-алдын алу мекемелерінің типтері және оларда медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Қабылдау бөлімі
4. Пациент үшін қауіпсіз орта. Медициналық қызметкердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі (кәсіби қауіпсіздік). Биомеханика және эргономика.
5. Медициналық ұйымдағы инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау.
6. Бөлмелерді жиыстырудағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
7. Санитариялық-эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция туралы түсінік, дезқұралдарды дайындау.
8. Санитариялық-эпидемияға қарсы режим. Стерилизация: түрлері, тәсілдері.
9. Науқастың функционалдық жағдайын бағалау-сананы, дене жағдайын бағалау, тері мен шырышты қабаттардың сипаттамасы.
10.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау - ісіну, су балансын анықтау.
11.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Температураны өлшеу.
12.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Артериалды қан қысымды өлшеу.
13.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Пульсті өлшеу.
14.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Тыныс алу жиілігін санау.
15.Халі ауыр пациенттердің күтімі.
16.Медициналық этика және деонтология негіздері. Медициналық қызметкердің сыртқы түрі.
17.Медициналық қызметкерлердің қолды өңдеу алгоритмі.
18.Педикулез анықталған кезде пациентті санитарлық өңдеу.
19.Пациентті тасымалдау. Адам денесінің биомеханикасы.
20.Емдеу-қорғау тәртібі және стационардағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру.
21.Емдеу мекемесінде жинау түрлері. Өңдеу жабдықтарды тазалау.
22.Стерильдеу алдындағы өңдеу. Стерильдеу: түрлері, тәсілдері, құралдары.
23.Медициналық ұйымдардағы орталық залалсыздандыру бөлімшесі (ОЗБ) және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын
24.Пациенттің қозғалу белсенділік режимдері.
25.Медициналық құжаттар және толтыру.
26.Қанның оттегімен қанықтығын (сатурация) пульсоксиметр көмегімен өлшеу.
27.Асқазанды жуу.
28.Қуыққа катетеризация жасау.
29.Клизмалар.
30.Егде жастағы пациенттердің күтімі
1.Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология.
Дәрігер-ерте заманнан бері келе жатқан ұлы есім. Науқасқа ауруынан айықтыруға көмек беретін, емдейтін, қолдау көрсетіп, демеу беретін тұлға. Дәрігердің моральдық бейнесі әр түрлі болады яғни науқасқа зиян келтірмей, әділетсіздік жасамай барынша қандай жағдай болсада науқастардың өтінішін орындауға сондай–ақ олардың күтімін сақтау болып табылады. Моральдық бейне – бұл ішкі жан дүниесі, бет – бейнесі. Ал этика – үлгі өнеге және рухани тәрбие туралы ғылым, ол грек сөзі «etnos» — әдеп, мінез, өнеге деген мағынаны білдіреді, медициналық әдеп–кәсіби қызмет атқару кезінде әдеп сақтау принципін орындау болып табылады.
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады.
Деонтология – дәрігердің өнеге, әдеп жиынтығының бірі. Әрбір медицина қызметкері науқаспен немесе оның туыстарымен қарым –қатынаста деонтологияны сақтау керек.
...