Шпаргалка по "Медицине"
Автор: gizatova • Сентябрь 27, 2020 • Шпаргалка • 61,484 Слов (246 Страниц) • 439 Просмотры
1.Сүйектердің құрылысы,жіктелуі.
Сүйек-ossa адам организмінде тірек,қимыл және қорғаныш қызметін атқарады.Сондай ақ қан түзілу процесінен де қалыс қалмайды.Адам ағзасында 200-ден аса сүйек кездеседі.Сүйектер топографиялық орналасуына және эмбриондық дамуына байланысты біліктік қаңқаға-sceleton axiale және қосымша қаңқаға –skeleton appendiculare жіктеледі.Біліктік қаңқа тобын құраушы сүйектер:бас сүйектері-cranium, кеуде торын құраушы сүйектер-ossa thoracis және омыртқа бағанасының сүйектері-columna vertebralis жатады.Ал қосымша қаңқаны құраушылар:қол сүйектері-ossa membri superior мен аяқ сүйектері-ossa membri inferior.
Сүйектердің құрылысына қарай: сүйектік бөлігін-pars osseae және шеміршектік бөлігін-pars cartilagines ажыратады. Сүйектердің сыртқы бетін қан тамырлары мен нервтерге бай сүйек қабықшасы-periosteum қаптайды.Сүйектің қабықшасы сүйек бетінде орналасқан қырқаларды-cristae, өсінділерді-procussus, ойыстарды-fossae да жауып орналасып сүйектік ткандарді қоректендіру қызметін атқарады.Сүйектер пішініне қарай ұзын-ossa longi, қысқа-ossa brivea және жалпақ –ossa plana сүйектерге бөлінеді.Ұзын сүйектерге қол және аяқ сүйектері жатқызылады.Бұл сүйектердің проксимальді-proximales,дистальді-distalis ұштарымен орталық бөлігі диафизі –diaphysis ажыратылады. Проксимальді ұшы ол қаңқаға жақын орналасқан бөлігі болып табылады ,ал біліктік қаңқадан алыс орналасқан ұшы дистальді ұшы болады..Бұл сүйектердің диафизімен эпифизі аралығындағы бөлігін метафиз-metaphysis деп атаймыз.Осы түтік тәрізді сүйектерді кесіп қарайтын болсақ олардың тығыз сыртқы қабатынан –substantia compacta және ішкі терең қабаты кемікті затынан-substantia sponqiosa тұратынын көреміз. Жалпақ сүйектерде кемікті қабаты жұқалау келген.Сүйек майы-medulla osseum сүйектердің кемік затында орналасқан. Сүйек майының түсіне және құрылысына қарай қызыл сүйектік майға –medulla osseum rubra және сары сүйектік майға-medulla osseum flava бөлінеді. Сүйектің қызыл кемігінің қызметі –қанның құрамын түзу болып табылады.
2.Мойын омыртқалары:құрылысы,айырмашылық ерекшеліктері.
Жалпы саны жеті сүйекті құрайтын мойын омыртқалары-vertebrae cervicalis құрылысы мен қызметіне қарай екі топқа бөлінеді.Олар:мойын омыртқаларына түсетін салмаққа байланысты көлемдері ұлғая түскен С3-С7 мойын омыртқалары және атқаратын қызметіне байланысты сыртқы пішіндерін өзгерткен С1-С2 мойын омыртқалары.
Мойын омыртқаларының құрылыс ерекшелігі:
-үш бұрыш тәрізді болып келген омыртқа тесігі-foramen vertabrale
-өзге омыртқаларға қарағанда қысқалау болып келген буын өсінділері-prosessus articulares
-төмен бағытталған сайын ұзара түскен арқа өсінділері-prosessus spinosus алтыншы мойын омыртқасына дейін ұшы айырылып орналасқан.
-соңғы мойын омыртқасы адам басын төмен түсіргенде көзге де қолға да айқын байқалатын болғандықтан айқындаушы омыртқа- vertebrae prominens деп атайды.Зақымдалған мойын омыртқасын анықтауда практикада мәні зор.
-үстіңгі бетінде тереңдеу орналасқан жұлын нервінің жүлгесі-sulcus nervi spinalis бар көлденең өсінділері –prosessus transversi қысқа болып келген және олардың ұштары миға қан тамырлар мен өрімдер өту үшін мойын омыртқаларының көлденең өсіндісінің тесігін – foramen prosessus transversus құрайды.
Алғашқы екі мойын омыртқасының құрылысы:
Бассүйекпен тікелей байланысқан мойын омыртқасы атлант немесе ауыз омыртқа-atlas seu atlant деп аталады.Пішіні өзгеше болып келген алдыңғы ,артқы доғасынан және түсетін салмаққа байланысты өзгерген жұп бүйір бөліктерінен тұрады.
-Алдыңғы доғасының-arcus anterior сыртқы бетінде алдыңғы доғаның төмпешігі-tuberculum anterior ,ал ішкі бетінде екінші омыртқаның тіс тәрізді өсіндісімен беттесетін буындық шұңқыры-fovea dentis орналасқан.
-Артқы доғасында-arcus posterior артқы төмпешігі-tuberculum posterior болады.
-Бүйір бөліктерінде-massa lateralis орналасқан ауыз омыртқаның жоғары буындық беті-fasies articularis буын құрауға қатысады.
Біліктік омыртқаның-axis,яғни екінші мойын омыртқасының құрылысы негізгі омыртқаларға сәл болса да ұқсас келген.Оның көзге айқын байқалатын құрылыс ерекшелігі бірінші омыртқаның тістік шұңқырына кіріп тұратын,бастың оңға және солға бұрылуына жәрдемдесетін тіс тәрізді өсіндісі-dens орналасқан.
-Жоғарғы буындық өсіндісіне-prosessus articularis superior қарағанда төменгі буындық өсіндісі жақсы дамыған.
...