Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Остеоартроз

Автор:   •  Апрель 22, 2020  •  Реферат  •  788 Слов (4 Страниц)  •  344 Просмотры

Страница 1 из 4

Остеоартроз

Жалпы тірек-қимыл жүйесі - кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін және тірек болатын қаңқа түзуші құрылымдар мен адамның тірек- қимыл аппараты болып табылады.

Остеоартроз– қол-аяқ омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялық немесе дистрофиялық ауруы. Бұл ауру кезінде буындар шеміршегі ыдырап, содан сүйектердің беттері жалаңаштанып, шеттік тіндерде остеофиттер және синовиттер дамиды. Негізі буын шеміршегінің бүліну үдерісі ағзаның табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процесстердің бірі. Остеоартроз көбінесе жасы 50 60жастан асқан адамдардың барлығында пайда болады. Остеоартроздың негізгі патогенездеріне жарақаттан кейінгі туа біткен немесе жүре пайда болған эндемиялықт Пертес синдромы, метаболизмдік аурулар Охроноз, Гоше ауруы, эндокринді аурулар: қант диабеті, акромегалия, гиперпаратиреоз, гипотиреозда кальций шөгіп қалуы кальций фосфаты, невропатиялық ауру Шарко ауруы,Педжет ауруы және т.б.

Бастапқы сатыда буындардың ауыру себебі -буын тінінің гипоксиясы және онда сүт қышқылының жиналуы, кейіннен-трабекулалардың сынуынан, сүйектегі тамырлық іркелістер, сүйек қуысы қысымының артуы салдарына ауырады. Байламдардың зақымдануы немесе буындар баспалдақтан түскен кезде қаттылау ауырады. Кейде буын шыдатпай ауырып, қозғауға келмей қалады. Сонымен қатар буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады. Жергілікті қан айналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғанда, буындар шамалы уақыт сіресіп қалуы мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды.

Тексергенде буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Буынның ісінуі ішіндегі сұйықтықтың көбеюінен болады, ол 2-3 күн тыныққаннан кейін немесе қабынуға қарсы емнен тез қайтады.

1. Остеоартрит кезінде қолданылатын дәрілер.

Фармакотерапияның негізгі мақсаты бірінші ретте ауырсынуды басу, шеміршектің бұзылысына жол бермеу және зақымданған буынға күш түсуін жеңілдету.

Фармакотерапия жоспары

1. Шеміршекте бүліну үрдісінің өрістеуіне жол бермеу «базистік ем».

2. Буындар ауыруын және синовиитті басу.

3. Буындардың қызметін жақсарту.

1.Базистік фармакотерапияның шаралары

Зақымданған буындарға күш түсуді азайту. Зақымданған буынға күш түсуін азайтса,ауру сезімі азаяды. Ұзақ жүруге, тұруға, жүк көтеруге, баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге тыйым салынады. Жүріс арасында 5 10 минут тынығу және балдаққа сүйеніп жүру қажет. Буынға түсетін салмақты азайтудың келесі бір жолы – дене салмағын қалыпқа келтіру. Остеоартрозбен сырқаттанған науқасардың көбінде дене салмағы қалыптыдан артық. Арықтау үшін гипокалориялық диета, жалпы массаж, ашығу күндерін қолданады.

2. Шеміршек метаболизмін және сүйек тінінің микроциркуляциясын арттыру.

Хондропротекторларды қолдану. Хондропротекторлар шеміршектің биологиялық белсенді заттары болғандықтан, оның метаболизмін күшейтеді және құрылымы бүлінуін тоқтатады.

Румалон – жас малдың шеміршегі мен сүйек миынан алынатын экстракт. Құрамында шеміршек құрылымының биологиялық белсенді заттары – пептидтер,

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (45.2 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club