Дизентерия (шигеллездар)
Автор: Dilnazka • Ноябрь 6, 2022 • Лекция • 2,365 Слов (10 Страниц) • 235 Просмотры
Дизентерия (шигеллездар)
Шигеллездар (дизентерия) – жедел инфекциялық аурулар, улану белгілерімен және басым түрде тоқ ішектің дистальді бөлігінің шырышты қабатының зақымдануымен сипатталады (колиттік симптом).
Дизентерия барлық елдерде жылдың кез келген мезгілінде кездеседі. Дизентерия ауруының кенеттен бас көтеруі және таралуы халықтың тұрмыс жағдайының нашар және санитарлық мәдениетінің төмен болуына байланысты болады.
Этиологиясы.
Дизентерияның қоздырғышы шигелла тобына жататын микроорганизмдер, энтеробактер.
Соңғы кездері шигелла түрлерін негізгі 4 топқа бөледі:
А – Григорьев-Шиг дизентериясының шигеллалары.
В – Флекснер шигеллалары.
С - Бойд шигеллалары.
Д – Зонне шигеллалары.
Шигеллалардың келесі ортақ қасиеттері бар:
факультативті анаэробтарға жатады;
споралар, капсула және шиыршықтар (жгутики) құрамайды;
грам теріс, қозғалмайтын таяқшалар болып саналады;
әдеттегі қоректі ортада (питательная среда) жақсы көбейеді.
Шигелларлардың айырмашылықтары:
токсигендік дәрежесі бойынша;
арнайы сары сулармен агглютинация реакциялары бойынша.
Сонымен қатар, Григорьев-Шиг шигеллаларының басқа түрлерінен айырмашылығы:
нейро- және энтеротоксикалық әсері бар экзотоксин бөліп шығарады;
сыртқы ортада төзімділігі төмен.
Басқа шигеллалардың токсикалық қасиеті төмен болады - себебі олар эндотоксин бөліп шығарады.
Сыртқы ортаның әсерлеріне ең төзімді болып Зонне шигеллалары саналады, олар ашық су қоймаларында өздерінің өмір сүру қабілеттерін 48 тәулікке дейін сақтайды, ал Флекснер – 10-16 күн.
Сүт және сүт тағамдарында Зонне шигеллалары 6-10 тәулік сақталады, Флекснер – 3-5 тәулік.
Барлық шигеллалар жоғары температура және дезинфектанттар әсеріне сезімтал.
Эпидемиологиясы.
Ауру санының жоғарлауы, тез бұзылатын тағамдарды көп қолдану, шыбындардың көбею және басқа да итермелеуші факторлар кезеңі болғандықтан, шілде-қыркүйек айларына келеді.
Аурудың көзі:
ауру адам;
тасымалдаушы.
Таралу механизмі:
ауыз-нәжіс;
тұрмыстық түйісу.
Инфекцияның таралу жолдары:
тағам арқылы;
су арқылы;
кір қолдар;
тұрмыстық заттар;
ойыншықтар және т.б.
Инфекцияның ену қақпасы: ас қорыту жолдары.
Шигеллездардың даму механизмі:
Шигелла 🡪 ауыз 🡪 асқазан 🡪 ас қазан сөлі қышқылының әсерінен бір бөлігі жойылады 🡪 токсин бөлінеді 🡪 қанға жайылады 🡪 жалпы улану белгілері. Қоздырғыштардың қалған бөлігі 🡪 ішектің шырышты қабаттарының эпителиальді клеткалары 🡪 зақымдайды 🡪 жергілікті қабыну.
Ішектегі қабыну процесінің түрлері:
катаральді;
катаральді-геморрагиялық;
фолликулярлы-ойық жаралы;
фибринозды-өлі еттену.
Шигеллалардың көбеюі ащы ішекте басталады, бірақ өте көп мөлшерде тоқ ішекте өтеді. Эпителийдің ауқымды түрде зақымдануы тағам заттарының қортылуы және сіңірілуінің, су мен электролиттердің сіңірілуінің бұзылуына әкеледі.
Дизентериямен ауырғаннан кейін арнайы түрлік иммунитет қалады (қоздырғыштың түріне байланысты).
Жасырын (инкубациялық) кезең:
6-8 сағаттан 7 күнге дейін ауытқыйды (таралу жолына және қоздырғыштың
...