Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бактериалды вагиноз

Автор:   •  Март 28, 2021  •  Эссе  •  403 Слов (2 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 2

Хамза Мария

ЖМ16-03-02

Эссе

Бактериалды вагиноз

БВ қынаптың инфекциялық ауруларына жатады. БВ бұл қынаптық флораның лактобацилладан шартты патогенді анаэробты микроорганизмге ауысатын қабынбалық емес клиникалық синдром. БВ жыныстық жолмен берілетін жұқпа емес, қынаптық дисбиоз нәтижесінде дамитын ауру ретінде қарастырылады. БВ қынаптың инфекциялық қабыну процесін туындататын -қолайлы орта болғандықтан, оған жыныстық ағзаның қабынбалық ауруларымен бірге қарастырылады. Қынаптың жиі кезедсетін инфекциялық ауруы осы БВ. 21-33% науқастың репродуциялық кезеңінде кездеседі.

Этиологиясы. Бұрын инфекцияны гарднерелла қоздырғыштары арқылы берілетін дейтін, тіпті бұл ауруды граднереллез деп те атаған.  Бірақ уақыт өте келе олар БВ қоздырғышы емес екені анықталған еді. Граднереллалар қалыпты қынаптық микрофлораға кіретіні дәлелденген.

Қынаптың микроэкологиясы қалыпты жағдайда басым болатын лактобациллалардың төмендеп, әр түрлі бактериялардың пролиферациясымен көрінеді. Бірақ ең бірінші себептерге облигатты анаэробтар (Bac.spp,peptostreptococcus spp,Mobilincus spp, Fusobacterium spp.)

Ауру антибактеиялық препараттар, соның ішінде антибиотиктер қабылдап, ауыз арқылы қолданылатын контрацептивтер мен ЖІК қолдағаннан кейін туындайды. Сонымен қатар, гормондық өзгерістер олиго және опсоменорея түрінде, жыныс ағзаларының қабыну ауруларымен, жыныстық қатынас серігін жиі ауыстыру,иммунитеттің тқмендеуі сияқты себептер әсер етеді.

Қынаптық микробиоценоздың өзгеруі қынаптың сұйықтық рН 4.5 – тен 7.0-7.5 дейін өзгеруімен , анаэробтардан ұшатын аминдер жағымсыз шіріген балық иісін түзеді.

Клиникалық көрінісі.

  • Көп крем тәрізді, сұр қынаптық сұйықтыққа,қынап қабырғасы жабысып тұруы
  • Сұйықтықтан жағымсыз шіріген балық сияқты иістің шығуын
  • қынап аймағында ашу,қышу,жаныстық қатынас кезіндегі жайсыздық

Қынаптық микроскопияда Грам әдісімен боялған жағындыда «кілтті жасушалар» қынаптың бетінде БВ тән микроорганизмдер жабысқан эпителиоциттер түрінде көрінеді. Дені сау әйелдерде «кілтті» жасушалар болмайды. Бактериоскопияда анықталу аймағында лейкоцит санының аз болуы, Дедерлейн таяқшаларының жоқ болуы.

БВ диагностикалық криетерийлеріне:

  • Қынаптан спецификалық бөліндінің болуы, шіріген балық иісі
  • «қынаптық жағындыдан «кілтті» жасушалардың анықталуы.
  • Қынап жағындысындағы рН>4.5
  • Амин сынамасының оң болуы.
  • Жыныс аймағының қышуы, ашу, жыныстық қатынаста жайсыздық сезімі бұл қосымша белгі.

Осы критерийлердің 3 кездессе БВ диагнозын қоюға болады.

Қынаптық сұйықтықтың лабораторлы көрсеткіштері бойынша дифференциалды диагностикасы

Бактериалды вагиноз

Кандидозды вульвовагинит

Трихомонадты вульвовагинит

  • Қынаптан спецификалық бөліндінің болуы сұр ақ түсті , шіріген балық иісі
  • «қынаптық жағындыдан «кілтті» жасушалардың анықталуы.
  • Қынап жағындысындағы рН>4.5
  • Амин сынамасының оң болуы.

  • Бактериоскопияда ақ ірімшік тәрізді немесе ашытқы тәрізді, мицеллалардың анықталуы (жиі С.albicans) сезімталдығы 40-60%
  • Ашытқы жасушаларының көбеюі
  • Ашытқы жасушаларының рецидивтерінде C.albicans емес жиі C.glabrata саңырауқұлақа қарсы препаратқа сезімталдықтың төмендегені жайлы ақпарат береді.
  • Бактериоскопиялық тексерісте T.vaginalis сезімталдық 40-70% .
  • Бактериологиялық анализде сезімталдық 95%
  • Трихоманиазға ПЦР тест сезімталдығы 100%

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (79 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club