Лекции по "Геодезии"
Автор: sultan1 • Февраль 23, 2023 • Курс лекций • 1,374 Слов (6 Страниц) • 181 Просмотры
Дәріс 1. Пәннің міндеттері мен мақсаттары
Геоинформатика Жерде болатын процесстер, құбылыстар мен объектілердің қасиеттері туралы ақпараттарды жинау, өңдеу мен көрсетудің барлық аспектілерін зерттейтін ғылым болып табылады.
Басқа ғылымдар сияқты геоинформатиканың негізгі зерттеу облысы мен негізгі зерттеу әдістері бар. Геоинформатиканы облыс пен әдістер ретінде анықтау оның атауында тұр. «Геоинформатика» термині екі бөліктен тұрады «гео» және «информатика».
«Гео» бөлігі жер бетінде болатын объектілер мен құбылыстарды зерттейтін ғылыми саласын анықтайды. Геоинформатикада кеңістік-уақыттық мәліметтер қолданылады, ол объектілердің кеңістіктегі орналасуы, олардың қасиеттері мен уақыты туралы ақпараттардан тұрады.
«Геоинформатика» термині құрамындағы «Информатика» негізгі зерттеу әдістерін анықтайды: объектілерді зерттеу компьютерлік технологиялар негізінде оқылады, бұл кезде математика, картография, геодезия және де басқа ғылымдар мәліметтері қолданылады.
Әдетте геоинформатиканың екі негізгі аспектілері ажыратылады: ғылыми және технологиялық аспект. Ғылыми аспект концепциялар өңдеумен, теориялық негіздермен, модельдеу әдістерімен, мәліметтер құрылымы мен модельдерді ұйымдастырумен байланысты.
Технологиялық аспект компьютерлік технологиялар көмегімен ақпараттарды өңдеу және сақтаумен байланысты.
Қорытындылай келгенде, геоинформатика Жер бетінде болатын процесстер мен құбылыстарды зерттеумен айналысатын ғылымның синтезі болып табылады.
Осы себептен, геоинформатиканы масштабта кеңістіктік-уақыттық процесстерді, құбылыстарды және жүйелерді анықтаумен айналысатын ғылым ретінде анықтауға болады. Геоинформатика әдістері тек қана жер бетінде ғана емес, сонымен қатар басқа планеталарды зерттеу үшін қолданылады.
Геоинформатиканың негізін қалайтын ғылымдарға геодезия, картография, география, фотограмметрия, дистанционды зондтау жатады.
Геодезия – бұл нақты есептер мен өлшемдер негізі.
Картографиялық ақпарат геоинформатика объектілерін көрсетудің негізгі түрі болып табылады.
Дистанционды зондтау және оның технологиялары қазіргі геоинформатикада алынатын мәліметтердің негізін құрайды.
Көпмүшелік теориясы, графтар теориясы, топология және т.б. ғылым ретінде құрайтын ақпараттық модельдерді қалыптастыру мен құруға мүмкіндік береді. Ғылым ретінде ақпараттық жүйелермен байланысқан топтарды мәліметтер базасының теориясы, бағдарламалау, компьютерлік графика және т.б. құрайды. Геоинформатикада талдауды жүйелік талдау, құрылымдық талдау, модельдеу, шешімді қабылдау теориясы қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған ғылымдарды біріктіретін жаңа ақпараттық технология автоматтандырылған ақпараттық жүйелер теориясы болып табылады.
Геоинформатиканың қосымшалары өте көп. Қарапайым қосымша – бұл автоматтандырылған картографиялау; күрделі – табиғи ресурстарды зерттеу болып табылады.
Дәріс 2. Геодезиядағы географиялық ақпарат жүйесі туралы түсінік
«Геоақпараттық жүйе» термині 70-ші жылдары ГАЖ бірінші құрылуымен бірге пайда болды. Бірақта, қазірдің өзінде бұл түсінік әртүрлі авторлармен бірыңғай айтылып отыр. Кейбір мамандар ГАЖды кеңістіктік-координацияланған мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу үшін ақпараттық жүйе ретінде қарастырады, ал басқалары MapInfo немесе WinGis бағдарламалық кешендері терминдерімен белгілейді. Ең бастысы, ГАЖ термин құрамына Жер (гео) сөзі жатады, бірақта ГАЖ құрамындағы графикалық ақпарат Жерге арналмаған.
Нақты терминдердің бірі: ГАЖ – бұл ақпараттық жүйе, оның құра-мына аумақ туралы ақпараттарды жинау, беру, сақтау және өңдеу үшін компоненттер жатады. ГАЖ құрамына техникалық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастыру құралдары жатады, яғни кейіннен географиялық, өндірістік немесе басқа зерттеулерде және оның прак-тикалық қолдануы үшін ыңғайлы, ақпараттарды өңдеу мақсатымен мәлі-меттерді жинауды, беруді, енгізуді және өңдеуді жасайтын кешен.
Геоақпараттық жүйе – мәліметтер интеграциясы, технологиялар мен ақпараттарды көрсету әдістері негізінде кеңістіктік-уақыттық мәліметтерді өңдеу үшін қажетті автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
...