Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жерге орналастыру және кадастр жұмыстары

Автор:   •  Февраль 11, 2025  •  Курсовая работа  •  3,215 Слов (13 Страниц)  •  36 Просмотры

Страница 1 из 13

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ .............................................................................................................................. 2

  1. Жерге орналастыру жобасы үшін таңдалынып алынған жер аумағын зерделеу..... 3
  1. Таңдалынған аумақ бойынша әлеуметтік , экологиялық және жалпы ақпаратты қарастыру ........................................................................................................................... 3
  2. Жобаланатын аумақтың нақты графикалық жоспары ............................................. 5
  1. Жерге орналастыру және кадастр жұмыстары ........................................................... 6

2.1 Жерге орналастыру жобасының кадрлар бөлімін құру ........................................... 6 3 Жерге орналастыру жобасындағы қаржы түрлерін ұйымдастыру ............................ 8

  1. Мекеме бойынша жерге орналастыру жұмыстарының шығындар схемасы ........ 8
  2. Шаруа қожалығы жиналысының хаттамасы ..............................................................              

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................................. 16

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ............................................................................ 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жерге орналастыру жобасы дегеніміз -  халық шаруашылығында, әсіресе ауыл  шаруашылығында жерді жаңаша  орналастыруда жасалатын шаралардың  тиімділігін экономикалық, техникалық  және заңдық түрде дәлелдеу  құжаттарының жиынтығы.

Жер орналастыруды жобалаудың заты-жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу әрбір жер пайдалану бойынша жобамен бірге жасалынады.

Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу  жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша  жер бетінде берілетін жер  учаскесінің шегарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге  орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері: жер пайдаланудың; оның бөлімшелерінің экономикалық тиімді көлемі, орны және шегарасы; шаруашылық орталықтарының, ауыспалы егістіктің, жайылымның, шабындықтың  тиімді орналасуы, жеміс-жидек және жүзімдік кварталдарының және басқа  шаруашылық учаскелерінің экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және ыңғайлы  шекаралары анықталады және бұл нәтижелер жерді ұтымды әрі тиімді пайдалану үшін негіз болып табылады.

Қарастырылып жатқан курстық жұмыста жер учаскесін таңдап оған жоспар құруды бастадық. Таңдаған жер учаскесі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылында. Еңбекшіқазақ ауданы — Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Есік қаласы. Таңдалынған жер учаскесінде агрофирма салыну жоспарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1         Жерге орналастыру жобасы үшін таңдалынып алынған жер аумағын зерделеу  

 

1.1         Таңдалынған аумақ бойынша әлеуметтік , экологиялық және жалпы ақпаратты қарастыру  

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы — Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Есік қаласы. Ауданында суармалы және тәлімді (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой шаруашылығы бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібінің салалары жақсы дамыған. Ірілері: «Филипп – Моррис», «Фудмастер», «Голд продукт», «Есік жүзім зауыты», «Дионис», «Елес» т.б. Өсімдік шаруашылығында егістің басым бөлігі (80%) астық шаруашылығының үлесіне келеді. Еңбекшіқазақ ауданы жерінен Алматы – Райымбек, Алматы – Жаркент автомобобиль жолы өтеді. Есік қаласынан облыс орталығы – Талдықорған қаласына дейінгі арақашықтық 340 км. Сөгеті ауылдық округі, бұрынғы атауы Нұра ауылдық округі (2010 жылға дейін), Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы әкімшілік бірлік болып табылады. Округ құрамына Нұра және Көкпек ауылдары кіреді, орталығы — Нұра ауылы.

...

Скачать:   txt (32.8 Kb)   pdf (498.4 Kb)   docx (251.8 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club