Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құстардың респираторлық микоплазмозы

Автор:   •  Май 27, 2018  •  Реферат  •  451 Слов (2 Страниц)  •  1,405 Просмотры

Страница 1 из 2

Құстардың респираторлық микоплазмозы

Құстардың респираторлық микоплазмозы (Mycoplasma respiratoria avium, респираторный микоплазмоз птиц) – тауықтың, күрке тауықтың, т.б. құстардың тыныс мүшелерінің зақымдануымен сипатталатын, көбінесе созылмалы өтетін жұғымтал ауруы.

Этиологиясы мен дерттенуі.  Қоздырушысы – Mycoplasma galliseptica.  Ауруға көбінесе 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқалай бастаған мекиендер шалдығады.  Ауру аәрогенді жұғады және жұмыртқа арқылы тарайды (трансовариальді).  Жасырын кезеңі 2 күн - 2 ай.    Микоплазмалар әуелі жоғарғы тыныс жолдары кілегейлі қабықтарының бетінде, эпителийінде және меншікті қабатында көбейіп, дистрофиялық-қабыну процестерін шақырады, одан кейін қанға өтіп, бүкіл денеге таралып, қан және лимфа тамырларын зақымдап, көптеген мүшелерді дистрофияға ұшыратады.  Микроклиматтың жайсыздығы, құсты тасымалдап, орнын ауыстыру сияқты әсерлер аурудың қозуына cептігін тигізеді.  Микоплазмоз әдетте колибактериозға, инфекциялық ларингит-трахеитке, инфекциялық бронхитке қабаттасып, қосарланған инфекция ретінде өтеді.  Микоплазмалар әрекетінен туындаған алғашқы өзгерістер кілегейлі қабықтар бетінде әдетте болатын микробтардың ара-салмағын бұзып, эшерхиялар басымдылық алып, көбейіп, дерттік процесті зілдендіреді, қанға өтіп, септицемияға әкеледі.  Өлекседе байқалатын фибринді серозиттер мен паренхималық мүшелердегі, мидағы бүлінулер эшерихиялар әрекетінен болады.

Патологиялық анатомиясы.  Өлекседе құстың арықтағаны, танау тесіктерінің айналасында сұрғылт-қоңыр түсті қабыршақтар байқалады.  Танау қуысының, көмей мен кеңірдектің кілегейлі қабықтары катарлы қабынып, қызарады, ісінеді, серозды немесе кілігейлі экссудатпен бүркеледі.  Экссудат құрамында фибрин ұйындысы болуы мүмкін.  Кілегейлі қабықтар ауру созылмалы өткенде солғын тартады, майда түйірлі болады.  Өкпенің өзгеруі қанның молаюы, домбығу, катарлы немесе крупозды қабыну түрлерінде байқалады.  Ауру жітілеу және созылмалы өткенде өкпеде сұрғылт-сарғыш түсті өлі ошақтар, кейде қапшықтанған секвестрлер болады.  Ауа қапшықтары әрдайым зілді өзгереді. Олардың қабырғалары күңгіртенеді, қан тамырлары білеуленеді, ішінде шамалы серозды-фибринді сұйық болады.  Аурудың ұзаққа созылуы қапшық қабырғасының қалыңдауына, лайлануына, арагідік өліге ұшырауына, қуысының фибринді-сүзбетәрізді массамен толуына, кейде дәнекер өрмемен бітелуіне әкеледі.  Көздің кілегейлі қабығы катарлы қабынуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (114.7 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club