Шошқа тұмауының вирусын ажырату
Автор: Надежда Толеуишова • Январь 4, 2021 • Практическая работа • 777 Слов (4 Страниц) • 487 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ [pic 1]
МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты
“Ветеринарлық медицина” мамандығының 3 курс студенті
Төлеуішова Надежданың «Ветеринарлық микробиология және вирусология»
пәні бойынша орындаған практикалық жұмысы
Тексерген: а.о Ищанова А.С
Орал,2020ж
№9 Практикалық сабақ
Шошқа тұмауының вирусын ажырату
1. Қоздырушысына сипаттама беріңіз.
2. Шошқа тұмауы вирусын зертханалық балау әдістері
3. Басқа аурулардан ажыратып балау.
Шошқа тұмауы-Grippus(Influenza) suum-(син.:шошқаның тнфлюэнцасы,энзотикалық бронхпневмония ) аса жұғымтал,жіті түрде өтетін ауру,ауру қызбамен,әлсіздікпен,тыныс алу мүшелерінің зақымдануымен сипатталады. Ауру алғаш рет 1918 жылы Америкада табылған. Шошқаның тұмау вирусы, адамның тұмауында шақырады және керісінше, адамның тұмауы шошқаға жұғуы мүмкін.
Қоздырушысы.Шошқа тұмау вирусы 1931 жылы Шоуп және Левине анықтаған.Вирус ортомиксовирустардың А-туыстығына кіреді.
Морфологиялық және химиялық құрамы жағынан шошқа тұмау вирусының төзімділігі жылқы,адам тұмау вирусына ұқсайды.Шошқа тұмау вирусының антигендік құрамы өзгермелі.Қазіргі уақытта 5-эталонды штамы белгілі:А (шошқа) Айова (31), А(шошқа) Кембридж (39), А (шошқа ) Мератин (57), А(шошқа) Висконсин (61) және А (шошқа) Висконсин (70).Ару шошқаның организмінде антигемагглютининдер,вирусбейтараптаушы,комплемент байланыстырушы антиденелер пайда болады.Вирус тауық,үйрек,адам,теңіз шошқасының және т.б. эритроциттерін агглютиндейді.
Балау. Шошқа тұмауына балау қою қиындау,өйткені малдардың респираторлы аурулары ұқсас болып келеді.
Зетханалық балау. Шошқа тұмау вирусының индикациясы мен иденфикациясы және ретроспективтік балауы жылқы тұмауындай.
Басқа аурулардан ажыратып балау.
Ажыратып балау. (Шошқа тұмауы вирусы) Шошқаның тұмауын аденовирустық індеттен, хламидиозды пневмониядан,микоплазмоздан,парагрипптен,сондай-ақ пневмония табиғи індетті емес аурулардан ажырату керек.
Ажыратып балау. (Құтырық вирусы)Құтырықты Ауески ауруынан,иттің обасынан,жылқының инфекциялық энцефаломиелитінен ажырату керек
...