Эукариоттардың хромосомасының морфологиясы
Автор: 000818601044 • Сентябрь 22, 2021 • Эссе • 4,729 Слов (19 Страниц) • 372 Просмотры
Қазақстан Ғылым және Білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
СӨЖ:
Тақырыбы: 1. Эукариоттардың хромосомасының морфологиясы; Эукариоттардың прокариоттардан басты ерекшеліктері. Вирустардың генетикалық аппараты қалай құрылған.? Эукариотты организмдердің генетикалық аппараты клетка тіршілігінің қандай кезеңдерінде білінеді.? Хромосома терминін енгізген зерттеуші: Хромосом жиынтығы – бұл түрдің цитогенетиканың паспорты
Орындаған: Калыбаева Ж
Тексерген: Сартаев А
ЖОСПАР
Кіріспе……………………………………………………………………3
2. Эукариоттардың хромосомасының морфологиясы;Эукариоттардың прокариоттардан басты ерекшеліктері...................................................4
2.1. Вирустардың генетикалық аппараты..............................................6
2.2. Эукариотты организмдердің генетикалық аппараты клетка тіршілігінің негізгі кезеңдері.......................................................................................10
2.3. Хромосома терминін енгізген зерттеуші: Хромосом жиынтығы – бұл түрдің генетикалық, дәлірек айтсақ цитогенетиканың паспорты сөзінің дәлелдері.................................................................................................12
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Хромосомалар (хромо… және грек. soma — дене) [1] — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштармен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер денесінің кез келген жасушасында әрбір Хромосомалар екі рет бейнеленеді: олардың біреуі әкеден, екіншісі анадан ұрықтану кезінде жыныс жасушаларының ядроларын біріктіру кезінде алынады. [1] Мұндай Хромосомалар гомологтық, гомологиялық Хромосомалар - диплоидты жиынтығы деп аталады.
Ал хромосомалардың жалпы құ-рылымдық негіздері, биологиялық түрге байланысты әр түрлі болуы және ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы өзгеріске ұшырамайды. Бұған әр түрлі организмдердің хромосомаларын генетикалық, цитол. және биохимиялық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады және олар тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін құрайды. 1928 ж. хромосомалардың ең алғашқы молек. түрдегі үлгісін орыс ғалымы Н.К. Кольцов (1872 — 1940) ұсынды. Эукариоттардың хромосомалардағы ДНҚ молекуласы гистондық және гистондық емес белоктармен байланысып, кешен құрайды. Аталған белоктар ДНҚ-ның хромосомаларда жинақталып, оралған күйде болуын және жасушадағы РНҚ-ын синтездеу қабілетінің реттеліп отыруын қамтамасыз етеді (қара Транскрипция). хромосомаларға тұқым қуалау ақпаратының жазылуы ДНҚ молекуласының құрылымымен іске асырылады. Клеткадағы хромосомаларда ДНҚ молекуласының 99%-ға жуығы жинақталған, ал қалған 1%-ы басқа жасушалық органоидтарда (хлоропластар, митохондриялар) болады. Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары хромосомалар құрылымының молек. негізін түсінуге молекулалық генетиканың дамуына байланысты қол жетті. Бұл жаңалықтар тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясындағы негізгі заңдылықтарды дәлелдеп, онан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
...