Тұқым сапасын анықтау
Автор: Nadirrabegim • Январь 23, 2024 • Лекция • 296 Слов (2 Страниц) • 113 Просмотры
Тұқым сапасын анықтау
Жалпы орман ағаштарының тұқым сапасына қойылатын талаптар бірнеше және олар арнайы мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы керек. Орман ағаштары тұқымының сапасы арнайы мемлекеттік стандарттар бойынша арнайы зертханаларда мамандардың көмегімен анықталады. Арнайы жабдықталған мамандандырылған зертханаларда тұқымның сапасы анықталып, оған баға беріледі. Мемлекеттік стандартқа сәйкес келген тұқымдар жарамды болып табылса, керісінше стандартқа жауап бермейтін тұқымдар жарамсыз болып табылады. Сапасы нашар, мемлекеттік стандартқа сәйкес емес тұқымдарды себуге тиым салынады.
Тұқымның жоғары сапалылығы маңызды болып табылады. Сапалы тұқымды өндіру, оны дұрыс сақтау негізгі агротехникалық жұмыстар болып табылады. Дұрыс сақталған тұқымда тұқымның сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Орман ағаштарының тұқымының сапасына қойылатын талаптарға жататындар: тұқымның тазалығы, тұқымның өну энергиясы (өнгіштігі), тұқымның 1000 дән салмағы, тұқымның ылғалдылығы.
Әрбір көрсеткішті анықтау, бағалау үшін мемлекеттік стандартқа сәйкес орындалады. Тұқымның тазалығы көптеген дақылдар үшін 90%-дан кем болмау керек. Таза тұқым ғана таза, жақсы өнімділікпен жақсы өнгіштікті қамтамасыз ете алады.
Тұқымның тазалығы – зертханаларда тұқымдарды өзге заттардан тазалау арқылы анықталса, тұқымның өну энергиясы (өнгіштігі) – тұқымдарды алдын-ала арнайы аппаратқа сеуіп, өндіру арқылы, тұқымның 1000 дән салмағы – 500 данадан 2 үлгілерді таразыға салып салмағын анықтау арқылы, тұқымның ылғалдылығы – тұқымдарды арнайы зертханаларда немесе арнайы тұқымның ылғалдылығын өлшеуге арналған құрылғылардың көмегімен анықталады.
Арнайы зертханаларда тұқым сапасын анықтаудың 3 жолы бар: кесу, аппаратта өсіру, бояу.
...