Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лейкоз

Автор:   •  Май 5, 2024  •  Реферат  •  890 Слов (4 Страниц)  •  93 Просмотры

Страница 1 из 4

Лейкоз

Өсербай Ұлдана Нүркенқызы- 2 курс студенті.

Қазақстан Ресей медицина университеті, Алматы қ.

Түйіндеме.  Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері.

Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Лейкоз иондаушы сәулелердің (радиацияның), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т.б.), вирустардың әсерінен дамиды.

Аннотация. Лейкоз, лейкемия (греч. leukos — белый) — злокачественные опухоли системы кроветворения.

Опухоль характеризуется безостановочным ростом клеток жировой клетчатки и нарушением там нормального процесса кроветворения. В результате количество клеток крови (эритроцитов, тромбоцитов) уменьшается, а количество незрелых лейкоцитов увеличивается. Лейкемия вызывается ионизирующими лучами (радиацией), некоторыми химическими веществами. развивается под воздействием веществ (бензола, бензпирена и др.), вирусов.

Abstract.  Leukosis, leukemia (Greek: leukos — white) are malignant tumors of the hematopoietic system. The tumor is characterized by non-stop growth of adipose tissue cells and a violation of the normal hematopoietic process. As a result, the amount of blood cells (erythrocytes, platelets) decreases, and the amount of immature leukocytes increases. Leukemia is caused by ionizing rays (radiation), some chemical substances. develops under the influence of substances (benzene, benzpyrene, etc.), viruses.

Кілттік сөздер: лейкоз, лейкемия, вирус, қан, анемия,инфекция, қан элементтері.

Ключевые слова: лейкемия, лейкоз, вирус, кровь, анемия, инфекция, элементы крови.

Keywords: leukemia, virus, blood, anemia, infection, blood elements.

Жедел лейкоз — қанның бағаналық жасушаларының мутациясы нәтижесінде сүйек миында біріншілік пайда болған біріншілік клональды (онкологиялық)  ауру. Мутация салдары болып мутацияланған жасушалардың ұрпақтары қанның жетілген жасушаларының дифференцировкасына дейін қабілетінің жойылуы болып табылады. Жедел лейкоздардың морфологиялық субстраты  — бластты клеткалар.

Жедел лейкоздардың (ЖЛ) дамуының қауіп-қатер факторлары :

Созылмалы аномалиялар;

сәулелену;

дәрілік терапия және қоршаған ортаның ластануы нәтижесіндегі токсикалық әсерлер;

Қосымша қан түзілу аурулары (миелодисплазиялар, рефрактерлік анемиялар, пароксизмальді түнгі гемоглобинурия и т.д.).

Лейкоздар жіктелуі (БДҰ, 1999 ж.)

Жедел миелобластты лейкоздар (ЖМЛ)

Жедел аз дифференцирленетін лейкоз

ЖМЛ жетілусіз

ЖМЛ жетілумен

Жедел промиелобластты лейкоз

Жедел миеломонобластты лейкоз

Жедел монобластты лейкоз

Жедел эритромиелоз

Жедел мегакариобластты лейкоз

Жедел лимфобластты лейкозы (ОЛЛ)

Жедел Т-бластты лейкоз;

Жедел О-бластты лейкоз;

Жедел В-бластты лейкоз;

Жедел дифференцирленбейтін лейкоз (ОНЛ);

Лейкоз эпидемиологиясы

Жыл сайын 1 млн тұрғынға жедел лейкозбен 35 адам тіркеледі. Ауру құрылымы көбінесе жасқа байланысты. ЖЛЛ көбінесе бала кезінде және 40 жастан асқанда дамиды. ЖМЛ барлық жастарда кездеседі. ЖМЛ жиілігі әйел және ер адамдарда бірдей.

Лейкоз патогенезі:

Жедел лейкоздардың патогенез негізінде қанның бағаналық жасушаларының мутациясы жатыр, ол мутацияланған жасушалардың пісіп-жетілуінің қабілеті толық жойылуына әкеледі. Мутантты клон ағзаның кез-келген реттеуші әсерлеріне автономды және қалыпты гемопоэтикалық жасушаларды тез ығыстырады, ол барлық гемопоэзді араластырады.

Жедел лейкоз кезінде ісіктік жасушаларда алғашында өсіп-жетілудің дефектісі айқын болғандықтан жоғарғы қатерлік қан түзілудің экстрамедуллярлы ошақтарынан пайда болуымен, пролиферативті белсенділіктің жоғарылауымен, жүргізілген емге резистенттіліктің пайда болуымен көрінеді.

Неопластикалық клон қалыпты гемопоэтикалық жасушаларды ығыстырады, ол перифериялық қандағы жетілген жасушалар жеткіліксіздігі дамуына әкеліп соғады. Перифериялық қандағы жетілген жасушаларының азаюы немесе толық жойылуы перифериялық қанның сәйкес функцияларының бұзылуынан болады, ол аурудың клиникалық симптомдарының дамуына әкеледі.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (154.8 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club