Иммунитет тапшылығы
Автор: Akbota89 • Октябрь 17, 2023 • Реферат • 475 Слов (2 Страниц) • 151 Просмотры
Иммунды тапшылық дегеніміз иммундық жауаптың бip, немесе бірнеше механизімінің ақаулығының себебінен қалыпты иммунды статусының бұзылуы.
Иммунды тапшылықтың екі түpi кездеседі: біріншілік, немесе туа біткен (генетикалық) және екіншілік, немесе жүре пайда болған. Иммунды тапшылықтардың клиникалық көріністері ұқсас болып келіп, көбінece төменгідей турде кездеседі: инфекциялық асқыну; гематологиялық күйреу; ас қорыту жүйесінің бузылуы; iciктер; аллергиялық реакциялар; туа біткен кемістік. Иммундық тапшылық диагнозы жан-жақты тексерудің жинағына суйеніп қойылады: анамнез, клиникалық көрініс және ин витро, ин виво зертхана сынамалары.
Біріншілік, немесе туа біткен (гинетикалық) иммунды тапшылық.
Иммунды тапшылықтың бұл түрі хромосамада пайда болған ақаулықтармен байланысты, сондықтан иммундық жүйенің қайбір үзбесі иммунды жауап кайтара алмайды. Ақаулық иммундық жүйенің спецификалық және бейспецификалық факторларымен байланысты болуы мүмкін. Кейде ақаулық катарынан екі бөлімде болады. Ақаулықтың денгейіне және сипатына тауелді иммунды тапшылықтың гуморалды, жасушалык және аралас түрлері бар.
Туа біткен иммунды тапшылық түрлері әдетте өте сирек кездеседі Бұл түрдің себептері: нуктелі мутация, хромосоманың екі есе көбеюі, нуклеин қышқылын құратын ферменттердің жетіспеушілігі т.б. Әдетте біріншілік иммунды тапшылықтың көрінісі перзент дүниеге келе сала пайда болады.
Фагоцитоздың жетіспеушілігі- фагоциттердің саны төмендегеніне, немесе олардың толық ic атқармауына негізделген. Фагоциттер санының темендеуіне гемопоэздің мезгіл- мезгіл бұзылуы себеп болады. Фагоциттер санының азаюы гуморалдық және жасушалы иммунитеттің тапшылығымен тікелей байланысып жүрмесе де, бұл жағдайда инфекциялық аурулардың пайда болу қаупі көтеріңкі болады. Фагоциттердің толық ic атқармауы фогоцитоздың кез келген сатысының кемшілігіне байланысты.
Комплементтің жетіспеушілігі сирек кездеседі. Кездескен кезде ол комлементтің С1 бөлшегінің тұқым қуалайтын тапшылығымен байланысты. Клиникалық көрінici ангионевротикалық қабыну турінде болады.
Гуморалдық иммуниеттің жетіспеушілігінің көрінici- дисгаммаглобулинемия мен агаммаглобулинемия. Агаммаглобулинемия негізінде иммунды-глобулиндер
...