Жыныссыз көбею
Автор: Кайрулла Шапагат • Ноябрь 17, 2021 • Лабораторная работа • 881 Слов (4 Страниц) • 293 Просмотры
19 — зертханалық сабақ
Жыныссыз көбею
Барлық тірі организмдерге көбею тэн құбылыс. ¥рпақ жалғасады. Түрдің даралары сақталады. Жыныссыз көбею өсімдіктердің вегетативті мүшелері - жапырағының, сабағының, тамырының бөлімдері арқылы да жүреді. Бүл регенерация қүбылысы. Арнайы түзілген споралар арқылы да жыныссыз көбейеді. Бір клеткалы балдыр, хламидомонада митозды бөлініп зооспоралар түзіп (Сһіатусіотопаз) көбейеді. Жас клетка аналық клеткаға үқсас болады (58-сурет).
Сонымен бірге бір клеткалы балдырлар хлорелла (Сһіогеііа) клеткасы бір- неше бөлшекке бөлінеді де, эрқайсысы спораға айналады. Спора ересек хлорелла клеткасына айналады (59- сурет).
Бір клеткалы, көп клеткалы балдырлар, суда өсетін саңырауқүлақтар зооспорангилерде талшығы бар зооспоралар түзіп, мукор (Мисог) саңырауқүлағы спорангиде споралар түзіп көбейеді. Зооспорангий мен спорангий бір клеткадан түзіледі (60,62-суреттер).
Саңырауқүлақтар конидия сағағынан конидиялар түзіп те жыныссыз көбейеді (61,65-суреттер).
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде (мүктер, плаундар, қырықбуындар, папоротниктер) спорангилері көп клеткалы болады (66-сурет).
Жыныссыз көбеюге бүршіктену арқылы көбею де жатады. Ашытқы (Зассһагошусез) саңырауқүлағы бір клет- калы организм. Алдымен томпиып өсіп біртіндеп бүршік түзіледі, үлғайып өсіп бөлініп кетеді, ересек ашытқы клеткасына айналады. Тағы бүршік түзеді (63-сурет).
Маршанция (Магзсһапііа) мүгінің дорзовентральды жапырақ тэрізді талломы бетіндегі воронка тэрізді
өсінділерінің ішінде бүйрек тэрізді бүршіктері жетіліп, жаңбыр суымен шайылып, төсемікке беюніп, маршанция мүгі өсіп жетіледі (64-сурет).
Өсімдіктер табиғатта тамырсабақтарь:, жуашықтары, түйнектері, мүртшалары арқылы вегетативті көбейеді. Бүлдірген (қүлпынай - Ғга§агіа) өсімдігінің мүртшалары топыраққа жанасқан жерінде қосалқы бүршік түзеді. Бүршіктен сабақ, қосалқы тамырлар өсіп жетіледі. Картоп түйнегі түрі өзгерген жер асты өркені, түйнегіндегі бүршіктері арқылы көбейеді. Таңқурай (КиЬи$), шие (Сегазиз), қараөрік (Ргипиз) т.б. тамырдан өсіп жетілген атпа сабақтары аркылы да вегетативті көбейеді. Қолдан вегетативті көбейтудің үш эдісі бар: қаламшалар арқылы, телу, сүлату арқылы. Жүзімнің 2-3 жылғы өркендерінен жапырақтарын алып тастап 40-50см етіп қаламшалар дайындайды, бірнешеуін топтап байлайды, 2/3 бөлімін топырақпен көмеді, 1/3 бөлімі аілық қалады да, ағаш жаңқаларымен, өсімдік қалдықтарымен жабады. Көктемде тамыр байлағанда отырғызады. Телудің бүршік телу, үластыра, біріктіріп телу әдістері бар (67-сурет).
Телу кезінде камбийлер бір-біріне сәйкес келуі керек. Қаракаттың бүйір өркендерін сүлатып, ортаңғы бөлімін топырақпен көміп, үстін үшы айыр ағашпен бекітіп қояды. Көктемде қосалқы тамырлары түзілгенде, төменгі жағынан кесіп алып, отырғызады.
58-сурет. Хламидомонаданың өмірлік циклы: А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-вегетативті дара; 2- зооспораның түзілуі; 3-зооспоралар; 4-гаметалардың түзілуі; 5- гаметалардьщ бірігуі (копуляция); 6-зигота; 7-зиготаның бөлінуі; 8-зооспоралар.
59-сурет. Хлорелла: 1-вегетативті дара; 2-ап лан оспораларының пайда болуы.
60-сурет. Улотрикстің өмірлік циклы: А-жыныссыз көбеюі; Б- жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-вегетативті дара; 2-зооспораның түзілуі; 3-зооспораның шығуы; 4-зооспорангиіі; 5-зооспоралар; 6-гаметалардың жетілуі; 7-гаметалардың шығуы; 8-гетерогамия; 9,10-зигота; 11-зиготаның бөлінуі; 12-зооспора.
61-сурет. Фитофтораның өмірлік циклы: А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстық көбеюі: М-мейоз: 1-фитофторамен зардаптанған картоптың жапырағы мен түйнегі; 2-конидия жэне оның өсуі; 3- зооспорангилер жэне олардан зооспоралардың шығуы; 4- зооспора; 5-зооспораның жапырақта және түйнекте өсуі; 6- оогоний мен антеридий; 7-оогамия; 8-ооспораның түзілуі; 9- ооспораның өсуі.
...