Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Биология» оқулығына талдау жүргізу

Автор:   •  Октябрь 13, 2019  •  Анализ книги  •  1,121 Слов (5 Страниц)  •  2,032 Просмотры

Страница 1 из 5

«Биология» оқулығына талдау жүргізу

Бұл  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану математика бағытындағы            11- сыныбына биология пәніне арналған оқулық. Оқулықтың авторлары Р.Сәттімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Шілдебаев. Бұл 2015 жылы Алматы «Мектеп» баспасы ұсынған кітап. 11-сыныпқа арналған биология оқулығы      5 бөлімнен және 13 тараудан тұрады. Оқулық жалпы 67 параграфтан құралған.

«Мектеп» баспасының  ұсынған биология оқулығында  тілге, материалды баяндау стиліне, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқу материалы негізгі, қосымша және түсіндірме мәтін түрінде ұсынылады, бұл оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік береді. 11- сыныпқа арналған биология оқулығы табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтауға, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігін үйретеді.

Оқулықта  әр түрлі шартты белгілер берілген. Оқушының тақырыптың түсінгендігін тексеру үшін  деңгейлік сұрақтар көрсетілген. Деңгейлік сұрақтар А-жеңіл, В-орташа, С-күрделірек деп бөлінген. Сонымен қатар «біліміңді тексер» қосымшасында  тест тапсырмалары беріледі.

Оқулықтың  I-бөлімі  3-тарауды  және 8-тақырыпты қамтиды.                                Бөлім атауы – Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы және дамуы.

1-тарау Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар деп аталады. Бұл тарауда тіршіліктің пайда болуы мен мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар, Ф.Реди мен Л.Пастердің тәжірибелері мен У. Гарвейдің ой пікірлері және тіршіліктің мәңгілік теориясы туралы ақпараттар ұсынылған.

2-тарау  Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуының алғышарттары деп аталады.  Яғни, ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар, жер ғаламшарының  ерте кездердегі дамуындағы алғашқы атмосфера, химиялық элементтердің, бейорганикалық және органикалық молекулалардың эволюциясы  туралы сипатталады.

3-тарау Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар деп аталады. Бұл тарауда тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, протобионттардың эволюциясы, яғни, ішкі ортаның қалыптасуы, органикалық табиғи катализаторлардың және генетикалық кодтың пайда болуы туралы, биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері мынадай: фотосинтездің, біржасушалы эукариоттардың, жынысты көбеюдің және көпжасушалы организмдердің пайда болуы кезеңдерінен тұратындығы баяндалады.

Оқулықтың  II-бөлімі  4-тарауды  және 23-тақырыпты қамтиды.                                Бөлім атауы –Эволюциялық ілім негіздері.

4-тарау Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейін дамуы деп аталады. Бұл тарауда эволюциялық көзқарастардың даму тарихы, Карл Линнейдің эволюциялық ілімі, Ж. Кювье және Э. Жоффруа Сент-Илердің көзқарастары,  Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориялары түсіндіріледі. Тарауды оқыту мақсаты оқушыларды  эволюциялық  ілім негіздерімен таныстыру, тіршіліктің  жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын артыру болып табылады.

5-тарау Дарвинизм деп аталады. Бұл тарауда Ч.Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары, негізгі қағидалары,  Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі, жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері, Табиғи сұрыпталу туралы ілім жөнінде, түр және оның түрлері, түрішілік және тіршілік үшін күрестердің мысалдары, түрлердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күресі туралы сипатталады. Осы тарауда 1-зертханалық жұмыс мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеумен жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (130.4 Kb)   docx (233.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club