Нерв жүйесі. Жұлын
Автор: NURSULTAN PRODUCTION • Апрель 19, 2022 • Лекция • 1,714 Слов (7 Страниц) • 317 Просмотры
ДӘРІС №4
Тақырыбы: Нерв жүйесі. Жұлын.
Жоспары:
- Нерв жүйесінің филогенезі.
- Нерв жүйесінің жіктелуі.
- Нерв жүйесінің құрылымдық-функциялық бірлігі-нейрон.
- Орталық нерв жүйесі. Жұлын
- Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің түзілуі.
- Жұлынның сыртқы құрылысы.
- Жұлынның ішкі құрылысы.
- Рефлекторлық доға.
1. Нерв жүйесінің филогенезі.
Организмнің реттеуінің 2 түрі бар:
1. түрі-нервке дейінгі, өкілі-қарапайым бір клеткалы организм, мысалы Амеба, оның нерв жүйесі жоқ, ол сыртқы ортамен байланысты сұйықтықтық көмегімен жүреді, ол сұйықтық организм ішінде және сыртында орналасады. Бұл реттелудің нервке дейінгі немесе гуморальді (humor-сұйықтық) түрі.
2. нерв жүйесінің пайда болуымен реттелудің келесі түрі- нервтік қалыптасады. Нерв жүйесінің дамуымен, нервтік реттелу гуморальді реттелуді өзіне бағындырып, нейрогуморальді реттелу пайда болады.
Нерв жүйесі даму сатысында 3 этаптан өтеді.
- этап, кезең-торлы нерв жүйесі.
Өкілдері-ішек қуыстылар, мысалы, гидра; нерв клеткалары бір-бірімен бірнеше өсінділерінің көмегімен байланысып, тор түзеді. Тор жануардың бүкіл денесіне кіріп тұрады. Дененің бір нүктесін тітіркендірсең, барлық тордың қозуына әкеледі, сондықтан жануардың бар денесі қимылдайды. Ал адамдарда бұл кезеңнің өкіліне асқорыту жолының интрамуральді (қабырға ішілік) нерв жүйесінің торлы құрылысы жатады.
2. этап, кезең-түйінді нерв жүйесі . Өкілдері-омыртқасыздар класы (құрттар). Бұл кезеңде нерв клеткасы топтасып, түйіндер немесе орталықтар түзеді. Нерв клеткасы денелерінің жиынтығынан түйіндер немесе орталықтар , нерв клеткасы өсінділерінің жиынтығынан нерв сабаулары немесе нервтер түзіледі. Жануардың сегментарлық құрылысына байланысты, әрбір сегментте сигментарлық нерв түйіндері жәненерв сабаулары болады. Сондықтан, дененің бір нүктесі тітіркенсе, барлық дене қимылға келмейді, тек-қана бір сегмент деңгейінде ғана жайылады. Бас түйіндері жақсы дамыған, себебі сезім мүшелерінің дамуына байланысты.
Адамдарда бұл кезеңге вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы жатады.
3. этап, кезең- түтікті нерв жүйесі. Өкілдері-хордалылар (омыртқалылар).
Бірінші өкілі- ланцетник. Бұл кезеңде торстық ми пайда болады. Мидың дамуы сезім мүшелерінің одан әрі дамуына байланысты.
2.Нерв жүйесінің жіктелуі.
Нерв жүйесі.[pic 1][pic 2]
Орталық нерв жүйесі. Перифериялық нерв жүйесі.
(ОНЖ) (ШНЖ)
[pic 3][pic 4][pic 5]
ми жұлын түйіндер, сабаулар, нервтер,
өрімдер.
Нерв жүйесі.[pic 6][pic 7]
Соматикалық Вегетативтік еріксіз
ерікті автономды [pic 8][pic 9]
[pic 10][pic 11]
ОНЖ ШНЖ Парасимпатикалық Симпатикалық[pic 12][pic 13][pic 14][pic 15][pic 16][pic 17]
ми түйіндер, орталық шеткі орталық шеткі
жұлын өрімдер, бөлігі бөлігі бөлігі бөлігі
нервтер
3. Құрылымдық- функциялық бірлігі.
Нейрон: бір немесе бірнеше өсінділері арқылы импульс нерв клеткасына келеді, ол өсінділерді дендрит деп атайды. Нерв клеткасы денесінен нервтік импульсты өткізетін ұзын бір өсіндісі аксон деп аталады. Нерв клеткасы импульсты тек бір бағытта дендриттен аксонға өткізеді.
...