Вена қантамырлары
Автор: Duman4 • Ноябрь 6, 2020 • Реферат • 3,040 Слов (13 Страниц) • 537 Просмотры
Вена қантамырлары (лат. vena - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас веналардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы баяу.
Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларынтүзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.
Вена тамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Жоғарғы қуысты вена-vena cava superior
Қысқа тамыр, диаметрі 20-25 м, ұзындығы 5-8см, 1-ші оң жақ және сол жақ иық басвеналарының қосылуынан пайда болады. Венада қақпақтары жоқ, екінші қақпаралықтардың артымен төмен жүріп үшінші қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Венаның алдында қалқанша без бен – өкпеқаппен қапталған оқ жақ өкпе бар.Оң жағында медиастеналді өкпеқап, сол жағында – қолқаның жоғарғы көтерілетін бөлімі орналасқан. Арт жағында оң жақ өкпенің түбірімен жанасады. Жоғарғы қуысты венасының негізгі сабауына көкірекаралықтың, жүрек жанындағы қапшылығының, сонымен қатар тақ веналары құяды. Соңғысы оң жақ жоғарылыйтын бел венасының (v.lumbalis ascendens) жалғасы болып табылады, ол сол жақ жоғарылайтын вена жартылай жұпсыз венаның түбірі болып табылады.
Жұпсыз вена төменгі көкірекаралыққа омыртқа жотасының көкірек бөлімінің оң жақ алдыңғы қабырға бетімен өтеді, өңештің артында IV-V көкірек омыртқалары деңгейде жұпсыз оң жақ өкпенің түбірінің артынан бойлайды, төмен және тік бағытталып жоғарғы қуыс венаға келіп құяды. Жұпсыз венаға құяды: 1)өңеш веналары (vv.ecophageus); 2)бронхиалды веналар (vv.bronchialis); 3)сыртқы қабырғаралық веналар IV-XI (vv.intercostales posteriores); 4)жартылай жұпсыз вена (v.hemiarygos)
Жартылай жұпсыз вена көкірек бөліміне келіп, омыртқа жотасының сол жақ қабырғалық беті бойымен жоғары көтеріліп, кейін кесіп өтіп және XIII көкірек омырқасы деңгейінде жұпсыз венаға құяды. Жартылай жұпсыз вена қабылдайды:
1)көкірекаралық веналар (vv.mediastinales);
2) өңеш веналары (vv.oesophageales);
3) IV-VI артқы қабырғааралық веналар (vv.intercostales ponsteriores);
4)қосымша жұпсыз вена (v.hemiarygolos accessoria) соңғысы сол жақтың III-IV жоғарғы қабырғааралық веналар құралады, сонымен қатар өнеш және көкірекаралық веналардан.
Артқы қабырғааралық веналар көкірек қуысының қабырғаларынан және бөлшектеп алдыңғы құрсақ қабырғасы бөлігінен қан жинайды: А)омыртқааралық вена (v.intervertebalis) сыртқы және ішкі омыртқалық веналық өрімнен құралады. Б)жұлын тармағы (r.dorsalis), арқа бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды. Омыртқааралық веналар омыртқа өзегінің ішінде орналасады, үлкен шүйде тесігінен жоғары және сегізкөздің ұшынан төмен орналасады. Жұлыннан, оның түбіршектері мен омыртқаның кезекті затнан қан жинайды.
...