Балалардың аяқ буындарының рентгендік сипаттамасы
Автор: AraiKaraman04 • Ноябрь 10, 2021 • Реферат • 3,859 Слов (16 Страниц) • 640 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Медицина Университеті
Морфология және физиология кафедрасы
Анатомия блогы
Модуль: Тірек- қимыл жүйесі
Реферат
Тақырыбы: Балалардың аяқ буындарының рентгендік сипаттамасы
Орындаған: Караман.А.Д
Топ: 1-004 ПФ
Тексерген:Коржумбаева А.Т.
Қарағанды 2021
Мазмұны:
- Кіріспе..................................................................................................2
- Негізгі бөлім........................................................................................3
Буындардың түзілуі.............................................................................3
Балалар аяқ буындары.........................................................................4
Жамбас буыны.....................................................................................4
Ұршық буыны……...………………………………………………...5
Тізе буыны...........................................................................................6
Сирақ сүйектері мен аяқ ұшы сүйектері қосылыстары...................7
- Қорытынды………………………………………………………….8
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................9
Кіріспе
Егер біз қаламды алуға, еңкеюге немесе қадам жасауға тырыссақ, онда бірден буындардың біздің өміріміздегі маңызын түсінеміз. Буын дегеніміз не? Анатомияда Буын деп бір сүйек пен екінші сүйекті жалғастыратын аралықты айтады. Сүйектер бір бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын үш түрлі қызмет атқарады:бірінші,дене қалпын сақтап тұрады; екінші, дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; үшінші, дененің қеңістіктегі орын алмастыру мүшесі болып табылады.
Әрбір буын гиалинді шеміршекпен жабылған сүйек эпифиздерінің буындық беттерінен, синовиальді сұйықтығы бар буын қуысынан, буын қабына және синовиальді қабықшадан түзіледі. Буындарды құрауға қатысуша сүйектердің санына байланысты: қарапайым буындар және күрделі буындар деп бөлінеді. Қарапайым буын екі сүйектің буын бетінен құралса, күрделі буын үш немесе оадн да көп сүйектердің беттесуінен құралады. [pic 1][pic 2]
- 2
Сурет 1.
1-иық буыны, қарапайым буын; 2-шынтақ буыны, күрделі буын
Сонымен қатар, буынды құраушы элементтердің түр ерекшеліктеріне қарай негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Буынның негізгі элементтеріне: буын бетінің шеміршегі, cartilago articularis, буын қапшығы, capsula articularis және буынаралық саңылау немесе қуысы, cavitas articularis жатады. Ал қосымша құраушы элементтеріне: буын байламдары, ligamentum articulare,буын дискілері,disci articulares, буын минискілері,menisci articulares, буын еріндері,labium articulares, сесама сүйектері,ossa sesamoidea, май қатпарлары,plica adiposum және т.б. жатады.
Буын механизмі. Буында болатын қозғалыстардың бағыты: фронтальді білік бойынша иіледі және жазылады; сагитальді білік бойынша әкеледі және әкетеді; вертикальді білік бойынша ішке қарай бұрылады және сыртқа қарай бұрылады.Бір білікті буындарға: цилиндр тәрізді, шығыршық тәрізді;Екі білікті буындарға: элипс тәрізді, ертоқым тәрізді, айдаршық тәрізді;Үш білікті буындарға: шар тәрізді, тостаған немесе жаңғақ тәрізді, жалпақ буындар жатады.
2
...