Жерлер ластануы
Автор: musakhmetovai • Ноябрь 21, 2020 • Реферат • 1,352 Слов (6 Страниц) • 414 Просмотры
Жерлер ластануы
Жерлердің ластануына көптеген құбылыстарды жатқызуға болады. Топырақта жеңіл еритін тұздардың жинақталуы топырақ тұздануына 136 себеп болса, топырақтың қышқылдануы да оның құнарлылығын төмендетеді. Тығыздығы 5 г/см3 көп металдарды ауыр металдарға жатқызамыз. Бұл топқа кадмий, хром, кобальт, мыс, темір, сынап, марганец, молибден, қорғасын, мырыш, қалайы, никель жəне басқа металдар жатады. Топырақ көптеген төменгі сатыдағы жануарлар мен микроорганизмдердің (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, т.б.) тұрақты не уақытша мекені. Бұл организмдердің көбісі аурулар туғызатындықтан, адамзат үшін қауіпті. Көптеген ішек инфекцияларын қоздыратын микроорганизмдер үшін топырақ тұрақты мекен емес, олар топыраққа қоқыстар, ауру болған тіршілік иелері арқылы келеді. Нақты жағдайларға байланысты (температура, ылғалдылық, бактерияантогонистер белсенділігі т.б.) ішек микробтары бірнеше тəуліктен үш айға дейін тіршілік ете алатындай күйде сақталады. Топырақта туберкулез (Кох таяқшалары), дифтерия таяқшалары да сақталады. Ауру жануарлардың инфекциясы қоздырғыштардан адамдарға датарауы мүмкін (бруцеллез, туляремия, т.б.). Мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу жəне пайдалану барысында жылына жалпы мұнай мен мұнай өнімдерінің 50 млн тоннасы ысырап болады. Оның көп бөлігі топыраққа түсіп, оның морфологиялық, физикалық-химиялық, микробиологиялық сипаттарын жоғары дəрежеде немесе мүлде өзгертеді. Топыраққа төгілген мұнай бірнеше əрекеттерге қатысады. Оның тірі ағзаларға ең зиянды жеңіл фракциялары біртіндеп атмосфераға ұшып кетеді. Кей бөлігі ластанған аумақтан жауын-шашын суымен ағып кетеді. Қалған бөлігі мұнай төгілген аумақта химиялық жəне микробиологиялық қышқылдануға ұшырайды. Мұнайдың парафин, битум сияқты ауыр бөліктерінің ыдырауы қиын, ол климаты қатал аудандарда ұзақ жатады. Топырақты мұнай құрамындағы күкірт те ластайды. Мұнай төгілген аумақтағы күкірт концентрациясы қалыпты жағдайдан 2-3 есе артық болады. Мұнай шикізатының құрамында органикалық жəне минералдық қосылыстармен қатар, тез еритін тұздар да болады. Топырақтың сіңіргіштік қасиеті жоғары жерлерде тез еритін тұздар ұзақ сақталмайды, олар су көздеріне ауысады. Мұнай сіңген топырақ гидрофобтық қасиетке ие болады да, топырақтың су сіңіргіштік көрсеткіші кеміп, аэрациясы нашарлайды.
Қатты тұрмыстық калдықтар
Топырақ жамылғысының қатты тұрмыстық қалдықтармен, қарапайым тілде айтсақ қоқыспен ластануы адамзат өркениетімен бірге қалыспай келе жатқан үрдіс. Қоқыс жинақталуы орта ғасырдағы Еуропаның урбандалған аудандарында күрт өсіп, содан бері «қатты да- 137 мып келе жатқан өндіріс» қатарына жатады. 1348-1350 жылдары адамзат тарихындағы ең қорқынышты оба эпидемиясының таралуына қатты тұрмыстық қалдықтар себепші болды. «Қара өлім» толқыны Исландиядан Үндістанға дейінгі аралықта тіршілік ететін халықтардың үштен бір бөлігін қырып кетті. Орта ғасыр қалаларында кір-қоқыстың барлығы көшелерде жата беретін болған, сол себепті олар ауру қоздыратын микробтар мен оларды таратқыш көртышқандар, атжалмандар жəне басқа да кеміргіштердің ордасы болды. Оба, шешек тағы да басқа эпидемиялық індетке айналатын инфекциялық аурулар адамзаттың тұрақты əрі қауіпті жауына айналды. Бұл қауіптің беті Европада санитария мен гигиенадағы жетістіктердің жəне ірі қалаларда қарапайым канализация мен арнаулы шұңқырлар салынуының арқасында ғана, тек XVIII ғасырда қайтты. XIX, əсіресе XX ғасырда өндірістің қарқындауы мен урбандалуға байланысты «қоқыс өндіру» де өсті. Өндірістік жəне коммуналдықтұрмыстық қалдықтар халық саны өсуіне қарағана он есе тез жүретіні байқалған. XX ғасырдың 20 жылдарында əр америкалық жанұя орта есеппен күніне 1,2 кг қатты қалдық тастайтын болған. 1970 жылы ол көрсеткіш 5,5 кг жетсе, 10 жылдан соң 9кг құраған. Қазіргі кезде əр француз жылына қоқыс тастау орнына тек қана қаптау материалдарының өзін алғанда 113 кг ақаба тастайды екен. Бұл қалдықтардың жартысы ыдырамайтын заттардан тұрады. Егер Париждың «Келісім алаңын» қоқыс тастау орнына айналдырса, онда бір жылдың ішінде Эйфель мұнарасынан екі есе биік қоқыстан құралған тау пайда болар еді. Жалпы дүниежүзі бойынша мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
...