Эпистемология
Автор: Жылбек Жанабаев • Январь 16, 2023 • Лекция • 641 Слов (3 Страниц) • 245 Просмотры
Эпистемология эмпириялық бақылау білімінің негізінде құрылады. Эпистемологияны тану проблемалары қызықтырады, гносеологияға қарағанда, эпистемология шындық пен шынайы шарттарға негізделген. Эпистемология міндеті: логикалық анализдеу арқылы ғылыми танымды ашу болып табылады. Р. Рорти эпистемологияны танудың келесі жолдарын көрсетіп, тану теориясы ақылды тану мүмкіндігіне сенуге итермелейді деген. ХІХ ғ. аяғында эпистемология онтология үстінен қарады. Эпистемология ашық түрде, Г. Башляр айтқандай, теория мен практика, математика мен дəреже арасындағы өріс болып табылады. Эпистемологияның өрісі - оның феномені бір уақытта табиғи тану заңдылықтарын меңгеру. Эпистемология осы ғылыми зерттеудің - шынайы осі. Ол проблемадан репрезентация арқылы нақтылыққа əкеледі, осы эпистемологиялық білім жүйесіндегі басты міндет. Репрезентация формалды жəне интуитивті болады. Формалды репрезентация нақты тура зерттеулерге, терминологиялық мағыналарға негізделеді. Осылайша, формалды жəне интуитивті репрезентациялар мынадай пəндер құрамына кіреді, гносеологиялық туыстас мəселелерден ерекшеленетін шеңбер. Репрезентацияның екі түрі универсалды тарихи контексті ұсынады. Эпистемология сезімнің рационалдыға өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде «аналитикалық», «синтетикалық» терминдер көп кездеседі. Р. Рорти айтады, И. Кант эпистемологияны пəннің негізін қалаушы ретінде қарастырады, оны «формалды», «құрылымды», «грамматикалық», логикалық сипаттамаларға 19 бөлген. Эпистемологиялық жаңа зерттеулердің проблемалық шеңбері аса кең ерекшеленеді. Ғылымдардың зерттеулеріне, эпистемологиялық мəселелердің мəні мынада: - «ойлау ұжымының» ішіндегі интеллектуалды коммуникациясы; - ғылымдағы басқару мəселелері; - ойлау ұжымындағы сыншылдықтың құлдырау факторлары.
Ғылыми мектептердің бəсекелестігі, эпистемология мəселесінің бірі. Олар өзіне дəстүрлі эпистемологиялық қайшылықтарды да қосады: мысалы, «объективизм» мен «релятивизм» арасындағы күрес. Жаңа эпистемология тиімді анализді тиімсізден қалай ажыратуға болады деген сұраққа жауап іздейді. Эпистемологияда концептуалды - эмпирикалық, аналитика - синтетикалық зерттеулерді айыру процесі көп көрінеді. Осындай мəселелерге бейімделу, бұрылыстарға əкеп тіреді. Бұл трансценталды бұрылыс «болуы мүмкін бұл жерде субъект үстінде тұрған» механиканың сапасында, немесе «лингвистикалық бұрылыс», философияның жəне ғылымның демаркациясының аяқталуын қарастырған эпистемология негізі жəне негізгі емес тұжырымдамасының зерттеу əрекеттері эпистемологияның басты шарты «эпистемологияның мəртебелік ерекшелігін» болжау. Біріншіден, ол байланысқан, ғылыми білімнің басқа білімдерден ерекшеленуі, екіншіден, ғылыми білім əлеуметін жəне нейтралды құндылықтарға не, тек осыларға ғана объективті жəне шынайы білімді алуға мүмкіндік береді. «Ерекше эпистемологиялық мəртебе» шарты эпистема білімді көпке итермелейді. Бұл мəселені зерттеу амбиваленттік сипаттамада болады. Ол Р. Мертонның, Т. Кунның, П. Фейербендтың еңбектерінде көрінеді. ХХ ғ. эпистемология түрлері келесі модельдерді көрсетеді: эволюциялық, генетикалық, натуралистік, дедуктивтік, кумулятивтік, антропологиялық эволюциялық эпистемология аналогиямен тірі табиғаттың тану процесін қарастырады. «Эволюциялық эпистемология» терминін Д. Сэмпбелл зерттеген. Сонымен, бірге К. Поппер жəне Ст. Тулминде онымен активті зерттеу жүргізген. Генетикалық эпистемологияның басқарушысы Ж. Пиаже, ол адамның дамуының төрт кезеңін көрсетті: 1) сенсорлы (2 жасқа дейін); 2) интуитивті (7 жасқа дейін); 3) нақты-операциялық (12 жасқа дейін); 4) формалды-операциялық (15 жасқа дейін). Натуралистік эпистемология Куайнмен қарастырылған. Ол шынайы көріністерді зерттейді, адамдарды - физикалық объект ретінде қарастырады. Бұл объектілер эксперименталды бақылаудан өтіп зерттелінеді. Эпистемологиялық проблеманың орталығы, Куайнның ойынша кедей кіріспен жəне бай шығу арасындағы əрекеті. Эпистемология моделін бейнелеуді Т. Кун тарихи эволюциялық, М. Полани - антропологиялық тұлға бейне, Дж. Холтон тематикалық түрде қарастырған. Гносеология, эпистемология жəне методология қатынастары келесі түрлерге ие. Гносеология, эпистемологияға
...