Адам-мәдениет айнасы
Автор: aigesh007 • Февраль 10, 2022 • Реферат • 490 Слов (2 Страниц) • 485 Просмотры
Адам-мәдениет айнасы
Мәдениет – адамзат баласын өркениетке жетелеп, саналылық пен парасаттылығының көрінісіне айналған. Мәдениетсіз адам – тәрбиесіз, білімсіз адам деп саналады. Расында әрбір жанның мәдениеті – ішкі әлемінің айнасы. Адамзат баласы пайда болғалы онымен бірге оның мәдениеті, өнері де дами бастады. Оған сан ғасырлар да куә. Алғашқы адамдар тау-мен тасқа көрген-білгенін ойып сурет салудан басталған өнерге деген сүйіспеншілік замандарды өткере небір таланттарды дүниеге әкелді. Бүгінде бүтін бір қоғамның ілгері не кейін кетуі де осы мәдениетінің дамуына, қалыптасуына байланысты. Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті. Қоғамсыз адам немесе адамсыз қоғам болмайды. Дүниеге келген баланы мәдениетті адам етіп тәрбиелеудің маңызы ерекше. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауы. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен адамдық қасиеттерін өзінде қалыптастырады. Өнерлі, мәдениетті адам – қастандықтан, жауыздықтан алшақ келеді. Содан да болар мәдениет саласының қызметкерлері – жан дүниесі бай, ерекше жандар.
Қай халықтың өнері биік болса, сол халықтың рухы да жоғары болатынын өркениетті елдердің үрдісінен аңғарамыз. Мәңгілік еліміздің өлшемі болатын тілімізді, дінімізді, салт-сана мен дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халықтың рухани дүниесін жаңғыртып-байыту
Мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни, адам мәдениетті жан. Адам – табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
...