Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Социологии"

Автор:   •  Ноябрь 23, 2023  •  Контрольная работа  •  1,789 Слов (8 Страниц)  •  58 Просмотры

Страница 1 из 8

Қ.A.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

          Экономика Басқару және Құқық факультеті

Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар кафедрасы

[pic 1]

                БӨЖ

  Пәні-Әлеуметтану саясаттану білім модульі                              

                                (Әлеуметтану)

                                         Орындаған-Абдулла Аяулым

                                                         Тобы-Эқж-211

                                  Қабылдаған-Қаныбекова Қарлығаш

                             

                             

                             Түркістан 2023

 

 

         1-Әлеуметтану теорияларына кіріспе

-Сұрақ-. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель)

ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық

теорияларының тұжырымдарын жазыңыз?

-Жауап-

1

Карл Маркс Генрих- 19-шы Ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционер, философ, саясаттанушы, Әлеуметтанушы, тарихшы, Ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.Маркс іліміндегі адам — өндіруші адам.Еңбектің өндіруші сипаты адамды табиғаттан бөліп тұрады. Адам табиғатты өзіне бейімдейді, оған қатысты жасампаздык рөл атқарады. Дегенде даму процесінде өз еңбегі нәтижесінен адам оқшаулана түседі, ол өзі өндірген өнімнен, еңбек процесінен, тіпті өзінен де оқшауланады. К.Маркстің пікіріне сәйкес, «тек коммунизмде ғана адам «қажеттілікте патшалығынан» «бостандық патшалығына» өтіп, шынайы тарихын жасайды». Маркстің адам туралы іліміндегі адам ақылды, парасатты. Мысалы, Конттағы адамға сенім мен сезімдер тән болса, Маркс адамды тек рационалист ретінде көрсетеді.Маркстік социологияның негізі тарихи процесті материалистік тұрғыдан түсіндіру әдісі болып табылады. Осы ілімнің теориялык және эмпириялық негіздерін Карл Маркс «Капиталда» баяндайды. Әлеуметтану тарихында Карл Маркс алғаш рет коғамға жүйелік баға беру кажет екенін ұсынған Тойшылдардың бірі. Осы негізде Маркс өзінің қоғамдық-экономикалық формация ілімін жасады. «Формация» ұғымы арқылы Карл Маркс коғамның барлық жақтары туралы әлеуметтанымдық тұжырымдарды жасамақ болды.

2

Әлеуметтанудың ғылым ретінде түсіндірілуіне “тар” түсінік берген алғашқы адам Француз әлеуметтанушысы және философы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Әлеуметтік өмірдің әлеуметтік процестері мен әлеуметтік құбылыстарын зерттеуге бағытталған ғылымға, яғни басқа әлеуметтік ғылымдармен тарих, философия, саяси экономикамен шектесетін тәуелсіз ғылымға көшуі оның есімімен байланысты. Олардың астында ол ұжымдық әдеттерді, дөстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мінез-құлық ережелерін түсінді. Қоғамды біріктіретін ең бастысы, ол өлеуметтік ынтымақтастық, ал әлеуметтік тұтастылықты құратын күш еңбек бөлінісін қарастырды. Ынтымақтастық ұжымдық сан - халықтың мінезін, оның мұраттары мен дәстүрлерін бейнелейтін жалпы сенімдер мен сезімдер жиынтығында жатыр.

Дюркгейм ынтымақтастықтың 2 түрін анықтады:

1. Механикалық-дәстүрлі қоғамға тән. Ол қоғамды құрайтын адамдардың дамымауы мен ұқсастығына негізделген.

2. Органикалық-әлеуметтік еңбек бөлінісі және ұқсастыққа емес, жеке тұлғаның айырмашылығына негізделген.

Дюркгейм прогрестің белгісі ретінде қоғамның механикалық ынтымақтастықтан

органикалық ынтымақтастыққа өтуін қарастырды.

Дюркгейм әлеуметтануын 3 бөлікке бөлді:

1. Әлеуметтік морфология Қоғамның құрылымын зерттейді. Бұлсалаға өлеуметтік ұйым мен Халыққа байланысты халықтар өмірінің географиялық негізін зерттеу кіреді.2. Әлеуметтік физиология. Ол қоғамдардың өмірлік негіздерін зерттейді және бірқатар жеке ғылымдарды қамтиды (Дін әлеуметтануы, мораль, заң әлеуметтануы, экономикалық, лингвистикалық және эстетикалық).3. Жалпы әлеуметтану-қоғамдағы жалпы заңдарды белгілейді және теориялық синтезді жүзеге асырады.

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (107.2 Kb)   docx (30.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club