Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Социологии"

Автор:   •  Сентябрь 18, 2022  •  Контрольная работа  •  336 Слов (2 Страниц)  •  226 Просмотры

Страница 1 из 2

1.Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына қандай тарихи оқиғалар, өзгерістер әсер етті?

Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды. Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы “әлеуметтану” терминін алғаш енгізген де осы ғалым.

2.Құрылымдық функционализм теориясы әлеуметтік құбылыстардың себебін қалай түсіндіреді?

Құрылымдық-функциялық теория немесе құрылымдық функционализм-          әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблемаларды зерттейді.       Құрылымдық-фунциялық теория әлеуметтанушыларғы қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға көмектеседі. Құрылымдық-функциялық теория ғылымдары әлеуметтік құрылымдардың жағымды/пайдалы нәтижелерін функция ретінде, ал әлеуметтік құрылымдардың теріс/зиянды салдарын дисфункция ретінде сипаттайды. Құрылымдық-функциялық талдау әлеуметтік құрылымдардың жоспарланған және жоспарланбаған қарекетінің салдарын қарастырады. Сондай-ақ салдардың оң/функциялы немесе теріс/дисфункциялы екендігін бағалайды. Нәтижені оң деп бағалайтын моральдық өлшем жоқ; бұл нәтиже тек қоғамның тұрақтылығына ықпал етеді дегенді білдіреді.

3.Конфликт теориясының мәні неде?

Құрылымдық-функционализм теориясы әлемді ымыраға келу және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды. Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шиеленістерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын процестерді сыни тұрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек,конфликт теориясы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарастырады.

 4.Символдық интеракционистік теория тұлғаны қалай зерттейді?

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (77 Kb)   docx (850.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club