Контрольная работа по "Социологии"
Автор: 224245 • Сентябрь 18, 2021 • Контрольная работа • 1,435 Слов (6 Страниц) • 284 Просмотры
1.Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану?
1)Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
2.Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде?
2)Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институттар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар;Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
3.Мәдениет морфологиясы?
3)Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
4.Әлеуметтану теориялары: жеке мектептер мен бағыттардың дамуы?
4)Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болып.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
5.Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері?
5)Саяси ғылымның даму кезеңдері - саясатты саналы түсінудің алғашқы тарихи түрі - көне дәуірдегі діни-аңыздық түсіндірулер. Ал б.э.д. ӀӀ-Ӏ мыңжылдықтарда саяси көзқарастар тиімді бола бастады, сөйтіп, алғашқы саяси түсініктер мен ұғымдар, кейінірек саяси түжырымдар пайда болады. Бүл үрдіс бірінше кезекте Конфуция, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Әлеуметтік-саяси ой діни қайраткерлер күшімен дамытылды, тіптен шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал. Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал. Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.
...