Сөз байлығы
Автор: Darigakoshkin • Декабрь 22, 2022 • Реферат • 1,897 Слов (8 Страниц) • 292 Просмотры
2.1.3 Сөз байлығы.
Сөз байлығы тілдің лексикалық байлығымен өлшенеді. Әрбір ұлттың сөздік қоры, сөз байлығы – ықылым заманнан бергі бастан кешкен тұрмыс-тіршілігінің, сан ғасырлық жүріп өткен жолының, руханиятының, ұлттық мұрасының өз тілінде көрініс берер нәтижесі. Лексиканың баюы яғни сөздер санының артуының негізгі жолдары: басқа тілден сөз алу және тілдің өз мүмкіншілігі арқылы сөз жасау.
Тілдің әрі ұтымды, әрі бағалы байлығының бірі – фразеологизмдер, мақалар, мәтелдер, тұрақты тіркестік тізбектер, афоримздер.
Мақал-мәтелдер – халықтың данышпандығын көрсететін айғағы, соларды тудырушы халықтың тілдік қорындағы бағалы қазынасы.
Кәсіп, іс - әрекет, әдет – ғұрып, жанұялық қарым – қатынас тағы басқа орайда танымал болған заттардың аттары, сан – сапалары, қимылдары әдеби тілдің негізгі сөздік қоры есебінде әдеби тілдің де әр түрлі стильдік талғам, не бейтарап сөз байлығына айналды.
Қазақ сөздері көркем әдебиеттің көріктеу, шеберлік құралы болса, олардың бірқатары поэтикалық көтеріңкі ой, эмоция, экспрессия талабына сай жұмсалса (мысалы, жүрек, білек, көрікті, көркем, әсем, шабыт, майталман, тұңғиық, жібек), публицистикалық әдебиетте қарапайым қазақ сөздері жаңа терминдік мәнде жұмсалады (мысалы, құн, кеңес, күрес ,жаратылыс, басқарма, жарыс, тап, құрылыс, құрам). Кеңес тұсында қазақ тілінде енген неологизмдердің көбі газет-журналдар арқылы әдеби тілге еніп қалыптаса түсті де сол публицистикалық әдебиет стилінің лексикалық ресурстарының қатарына енді.
Біздің тіліміздің сөз байлығы сан түрлі қызметтер аясындағы әдебиет беттерінде қолданылғандықтан, сөздердің біршамасы түрлі стильдердің байлығына айналса, біршамасы стильдің барлығына қатар қызмет қылады. Олардң қатарында кірме сөздер де бар. Кірме сөздер әдеби тілдің сөз байлығы қатарна жатқызылса, жалпыхалықтық сипатқа ие болады. Мысал келтіре кетсек, сондай сипатқа ие сөздер – араб-парсы тілінен енген сөздер. Бүгінгі әдеби тіліміздің басталған шағы, шамамен, XVIII ғасырдың аяқ шені, қазақ елінде феодализм ыдырай бастаған, сауда капитализмі енді ене бастаған шақ екені белгілі. Аталмыш кезеңде “шағатай тілін” негізге алып, пайда болған қазақтың әдеби тілі саны жағынан ат төбеліндей ғана зиялыларға, моллаларға және діншілерге, қоғамдық, әкімшілік топтардың мүддесіне еттуде, қарапайым халыққа онша түсінікті болмады.
Араб – парсы тілдерінен енген сөз байлықтары мен кейбір грамматикалық тұлғалары, қазақ тілінің тұрқын бұзған жоқ, қайта өздері қазақ тілінің ырқына көніп, көптеген өзгеріске ұшырады де, әдеби тілдің халықтық қорына айналды. Мысалы, -қар, -кер, -гер, -паз, -нам, - стан. [28,109б]
Орыс тілінен қазақ тіліне сөз ену жағдайы өзгеше. Ол жерде көршілес тұратын, жақсы қарым-қатынастағы халықтардың саяси-әлеуметтік әлеуеті негіз болған тілдік ауыс – түйіс ерекше орын алады.
Сауда – саттыққа, өмірлік бұйымтайлардың атына байланысты орыс сөздерінің қазақ тілінде көп болуы да кездейсоқ емес: жәрмеңке (ярмарка ), көпес (купец), лапке (лавка), пірканшік (приказщик), пұт (пуд), десте ( десятина), сиса (ситец), сәтен (сатин), бәтес (батист), шайнек (чайник), шай (чай), самауыр, самауырын (самовар), патнос (поднос), үстел (стол), жәшік (ящик), бәтеңке (ботинка), доға (дуга) т.б. Орыс тілі сөздерінің біздің қазақ тілімізге еніп, күнделікті тұрмыста жиі қолданылуының қажеттілік әсерінен аталмыш сөздерді айтқанымыздай жиі қолдануына мәжбүрлейтін жағдай – өз тілімізде сол ұғымды түсіндіретін баламаның жоқ болуы. Орыс тілінен енген сөздердің біздің тіліміздің тарихына енуі XVII ғасырдан басталатыны туралы қалыпты түрде айта аламыз. Дегенмен оған қарап бұған дейін өз тіліміде орыс тілінен кірген сөздерді болмаған дей алмаймыз. Абайдың өлеңіңдегі – «Интернататта оқып жүр талай қазақ баласы», «Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірлетіп орыстың Шенді шекпен жапқанда», «Единица – жақсысы, Ерген елі бейне нөл» деп айтқандарындағы интернат, шен, единица орыс сөздері. Бұл екі көрші ел арасындағы тілдік байланыстың артқанын, күшейгенін дәлелдейді. Байланыс артқан сайын бір тілдің сөздері екінші тілге немесе керісінше болу мүмкіндіктері көбейіп, дәрежесі көтеріледі.
...