Харижиттердің дүниетанымы
Автор: sapargalee • Май 11, 2019 • Доклад • 1,746 Слов (7 Страниц) • 508 Просмотры
ШТІКУ-нің «Тарих және Дінтану» факультеті
2 курс магистранты
Сапарғали Самат
Ғылыми жетекшісі: доктор, профессор
Сабри Хизметли
ХАРИДЖИТТЕРДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КӨРІНІСІ
Ислам әлемін Пайғамбар с.а.с заманынан кейін, немесе Омар р.а дүниеден өтіп Пайғамбар с.а.с айтқандай «Фитнаның есігі сынып» сол уақыттан бастап қазірге дейінгі өкінішке орай Ислам әлемінде фитна бүліктер тоқтаған емес. Және осы бүліктердін көпшілігі зияны, мұсылмандар арасынан шыққан топтардан болды.Тарих сахнасында дін атын жамылып, саясатты бүлікті көздеген алғашқы бүлікшіл пайда болған адасқан топтардың бірі – хариджиттер.
Пайғамбар с.а.с бұл топтың соншалықты қауіпті болғанынан олар жайында, олардың шығуы жайында бірнеше хадистерінде ескертіп өткен. Имам Ахмад риуаят еткен хадисте «Шығыстан жақтан сондай бір адамдар шығады Расында, өздеріңнің намаздарың мен оразаларыңды, олардың намаздары мен оразаларымен салыстырсаңдар өз құлшылықтарыңды түкке тұрмайтындай көресіңдер. Осы адамның ұрпақтарынан кейбір адамдар шығады, олар жұмсақ дауыспен құран оқиды, бірақ оқыған құрандары тамақтарынан төмен өтпейді, және олар садақтан жебе атылып шыққандай дәл солай тез діннен шығып кетеді»,-деп ал басқа бір хадисте бұл топтың қауіптілігінен, «Жаратылысың ең жаманы» деп оларды сипаттады. «Харижи» сөзі тілдікте – «хуруж» бөлініп шыққан, қарсы шыққан деген мағына білдірсе, ал шариғат терминдегі мағынасы «Өзінен болмағандарды күпірлікте санап,мұсылман қаның адал көріп және мұсылман басшыларына қарсы шығатын топ. Имам әш-Шәхристани бұл ұғымды осы ағымды ұстанушылармен ғана шектемей, «мейлі сахаба, мейлі одан кейінгі кезеңдердегі мұсылмандардың басым көпшілігі тарапынан сайланған әділ имамға қарсы шыққан барлық адамды қамтитындай етіп қолданған. Хариджиттердің ұстанымдары мен дүниетанымдық ерекшеліктеріне байланысты ислам ғалымдары мынадай тұжырымдамалар қалдырған: «Алғашқы және кейінгі ғалымдарының арасында, хариджиттердің Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бағынбаған, ең жаман адамдар екендеріне талас болмаған». Және олардың көптеген оразалары, намаздары мен құлшылықтары оларға ешқандай пайда әкелмейді.
Тіпті, олардың ашық түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруы да оларға көмектеспейді, өйткені олар құранды өз нәпсілеріне орай тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ және Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әділетті халифалар, саңлақ сахабалар мен олардың артынан ергендер сақтандырды.
Жоғарыдағы түсіндірмелер негізінде, хариджиттердің бүкіл Ислам әлеміне қандай қауіп төндіретіні анық көрінеді. Осы ағымның шығатыны туралы және олардан сақтандыратын пайғамбарлық ескертулер, бұлардың сөзсіз аса қауіпті екенін көрсетеді. Сонымен қатар барлық мұсылмандарға хариджиттерге тән белгілер мен сипаттарды біліп, олардан сақтануды міндеттейді. Мұндай хабарлар пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен, сондай-ақ, сахабалары мен жамағатымыздың ұлы имамдарынан да жеткен. Өкінішке орай бүгінгі күні, көптеген мұсылмандар білімсіздіктің себебінен хариджиттердің сипаттары мен белгілерін ие болып, ол жайында күдігі де жоқ.
Жоғарыда айтылғандай, хариджиттер жиырмаға жуық топтарға бөлініп, дүниетанымында өзара айырмашылықтары болды. Алайда, біз олардың ең көп таралған белгілері мен қасиеттерін түсіндіруге көбірек тоқталамыз. Және олардан алыс болғандар, пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Тозақтың иттері!»- деп айтқан топтың белгілерінен құтқарғаны үшін Аллаға мадақ айтсын!
Хариджиттер үлкен күнә жасаған мұсылмандарды кәпірге шығарады. Бұл хариджиттердің ең көп таралған белгісі, бірақ ішінде кіші күнә жасаған мұсылмандарды да кәпірге шығарғандары бар. Хариджиттердің күнәһар мұсылмандарды кәпірге шығаруы Ислам үмметіндегі қарама-қайшылықтардың бастамасы болды. Хафиз Ибн Ражаб жазған: «Бұл үмметтегі алғаш қарама-қайшылық хариджиттер мен пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының арасында, біріншілері күнәһар мұсылмандарды кәпір болады деп санағаннан басталды. Хариджиттер оларды кәпірге шығарып, оларға кәпір ретінде қарап, өмірлері мен дүние-мүлкін рұқсат етті. Хариджиттерден кейін күнәхар мұсылмандар не кәпір емес, не мұсылман емес деген орта ұстанымда болған муғтазилиттердің фитнасы пайда болған. Муғтазилиттерден кейін, пасық мұсылман толық иманды деп санайтын мурджииттердің фитнасы пайда болды!». Хариджитер мұсылмандарды, Құранда немесе сүннетте «күпір» деп аталған немесе істегені үшін адамды тозаққа апаратын күнәларды жасағаны үшін, күпірлікте айыптайды. Бұл олардың дін негіздерін мүлдем білмейтіндігін, шариғат мәтіндерін түсіну деңгейінің төмендігін көрсетеді. Расында, Құран мен сүннетте үлкен күнәлар күпір деп аталады, бірақ ол күнәні жасаған адам үлкен күпірге түспейді. Бұл тәсіл күнәнің ерекше ауыр дәрежесін көрсету үшін қолданылады, адамды діннен шығаратын үлкен күпірлікте айыптау үшін емес. Бұндай күпір – кіші күпір деп аталады. Сондықтан да имам аль-Бухари өзінің Сахихінде осыған байланысты хадистерді қамтитын бөлімді «Күпірден де кіші күпір» деп атаған[4, 29 б.].
...