Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Созақ ауданы әкімдігінің мәдение тілдерді

Автор:   •  Июнь 29, 2023  •  Реферат  •  880 Слов (4 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 4

        

[pic 1]

«Созақ ауданы әкімдігінің мәдение тілдерді[pic 2]

дамыту, дене  шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар  жүйесі» КММ

                        

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

[pic 3]

Баба Түкті Шашаты Әзіз  

[pic 4]

[pic 5]

Әулие қоймай қыдырған,

Етегін шеңгел сыдырған...»

Байбөрі мен Аналық,

Бата алған Қыдырдан.

Інжу-маржан басқан із,

Шұғыла, шуақ шашқан жүз.

Жатыр Жылыбұлақта

БАБАТА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ!

Өз заманында өте данышпандығымен танылған Шашты Әзізді Ысқақ бап өзіне уәзір етіп алған көрінеді.Баба Түкті Шашты Әзіздің Ысқақ бабпен замандас болғанын білдіретін ел аузында мынадай бір аңыз сақталған. Сыр,Қаратау  бойына келген Ысқақ баб жергілікті халыққа мұсылман дінін ендіруде күш-зорлыққа бармай, оның орнына діни уағызды күшейтіп,насихат,иландыру арқылы елді өзіне қаратуға тырысады. Алланың құдыретін таныту үшін Құмар бабаның ұлы Шашты Әзізді пайдаланады. Шашты Әзіздің ислам дініне кіргенін көрген халық: «Бұл діннің не артықшылығы бар» -  деп сұрайды. Баба осы дінді қабылдағасын өзіне Алланың нұры жауғанын айтып, аса таяғын жерге шаншып қалғанда, сол жерден су шығады. Бұған есі шыққан жұрт Шашты Әзіздің екінші  бір кереметін көреді. Ол алпыс түйе отынды үйдіріп, үстіне өзі отырады да, астынан от қойғызады. От әбден жанып біткенде жиналғандар қып-қызыл шоқ үстінде қолына құран ұстап отырған,еш жерін күйік шалмаған әулиені көреді. Міне, содан бастап ел ислам діні құдыретіне бар ықыластарымен бас ие бастайды...

Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің кереметтері басқа да батырлар жырында кездесіп отырады. Мысалы, «Алпамыс батырда» Байбөрінің түсіне Шашты Әзіз кіріп,әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны туралы аян береді, кейін Алпамыстың демеушісі болады.  Ал «Қыз Жібек» жырында Төлеген Ақ Жайыққа аттанарда анасы жалғызын жаратқанға, онан соң осы Шашты Әзіз әулиеге тапсырады. Сонымен, Баба Түкті Шашты Әзіз әулие халық жадында ел қорғаған батырлардың демеушісі, қиналған шақта сүйеніші, перзент тілеп жалбарынушылардың медет қылар пірі, құдыреті күшті рух иесі ретінде  сақталып келеді.

Аңыздар не дейді ?

[pic 6]

Баба Түкті Шашты Әзіз әулие – қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне . Ол туралы аңыздардың бірінде шын есімі Баба Туклас деп көрсетілген. Баба Түкті Шашты Әзіздің есімінің түркі тілдес халықтардың арасына кеңінен таралуына негіз қалаған «Алпамыс батыр»,  «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырлары болып саналады. Қазақ фольклорында ол әулие кейпінде суреттеліп, бас кейіпкерлер қиналған кезде демеуші, аян беруші әруак тұлғасында бейнеленеді. Әулие атаның аты бірнеше мағынадан құралып, төрт анықтауыш сөзден тұрады.

Баба- шал, ата ұғымын берсе, Түкті – үсті-басын түк, жүн басқан, Шашты – ұзын шаш қойған, Әзіз – құрметті дегенді аңғартады.

Тарихи аңыздарға сүйенсек, ХІҮ ғасырда өмір сүрген Баба Түкті Шашты Әзіз біздің елге ислам дінін әкелген алғашқы түркілердің бірі болған. «Қазақ энциклопедиясында» Шашты Әзіздің ҮІІІ ғасырда өмір сүргені айтылады. Сондай –ақ,

ХҮІ ғасырда өмір сүрген Қадырғали Жалайыридің шежіресінде Шашты Әзіздің  жергілікті сақ тайпасынан шыққаны, ислам дінін бірінші қабылдағандардың бірі екендігі көрсетілген. Баба Түкті Шашты Әзіз – Едіге бидің түп атасы.

...

Скачать:   txt (11.9 Kb)   pdf (772.8 Kb)   docx (664.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club