Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фараби философиясындағы онтологиялық категориялар жүйесі

Автор:   •  Март 4, 2019  •  Курсовая работа  •  20,365 Слов (82 Страниц)  •  1,204 Просмотры

Страница 1 из 82

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3  

1. БОЛМЫС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ НЕГІЗДЕРІ...........

1.1. Философия тарихында болмыс категориясының қарастырылуы.............................................................................................

1.2. Антика және ортағасырлық мұсылман философиясының онтологиялық сабақтастығы......................................................................

2. ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БОЛМЫС  ІЛІМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................................................

2.1. Әл-Фараби философиясындағы онтологиялық категориялар жүйесі..........................................................................................................

2.2. Болмыс және бейболмыс диалектикасы..........................................

2.3. Әл-Фарабидің философиясындағы  «қайырымды қала»  ілімінің онтологиялық негіздерінің қазіргі заманғы өзектілігі......................

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.......................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ..........................................

                                                         

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста философия тарихындағы болмыс категорияларының жан-жақты сипаттары анықталып, олардың өзіндік ерекшеліктеріне пайымдаулар жасалады. Сонымен бірге, Әл-Фарабидің онтологиялық көзқарастарына шолу жасай отырып, сараптаудан өткізіледі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қай уақытта болмасын, философиядағы болмыс мәселесі орталық маңызды мәселе болып қарастырылып келген. Өйткені, қалған философиялық мәселелер осы ұғымға негізделе отырып өзінің тұжырымдарын алған. Болмыс мәселесінің қазіргі жаһандану дәуірінде өз құндылығы арта түсуде, өйткені, әрбір ел өзінің ұлттық құндылықтарын сақтағысы келеді.

Әрбір ұлттың төл тарихы болары сөзсіз, сол сияқты қазақ халқының өзіндік рухани мұрасы мен мәдениеті, тарихы бар. Осынау ұлан-байтақ аумақты мекен еткен қазақ халқының арасынан қаншама ойшылдар мен ғалымдар шықты. Солардың арасынан, Әл-Фараби атап айтсақ болады. Оның қалдырып кеткен философиялық мұрасының, соның ішінде, онтологиялық мұрасын зерттеудің маңыздылығы күшті. Ойшылдың пайымдауынша, философия ғылымының басты мақсатының бірі дүние бастауы, жаратылыс себебі Алланы тану болып табылады. Әл-Фараби ілімінде болмыстың алты сатысы болады. Оның алғашқы бастауы – Бірінші себеп.  Әл-Фарабидің философиялық мұрасында Бірінші Себеп-дүние бастауы, ол-жалғыз, тіршілік беруші. Оның тәндік, денелік сипаттары болмайды. Бірінші Себептің болмысында қандайда бір қарама-қайшылықтың  болуы мүмкін емес. Әл-Фарабидің онтологиялық ойларында грек ойшылдары Аристотель, Платон ілімдері көрініс береді. Ойшыл мұрасы араб-мұсылман философиясын биік деңгейге көтерді. Кейінгі Ибн Сина, Ибн Рушд, Ибн Туфейл сияқты фәлсафашыларға негіз болды.

Сондықтан, осы ойшыл мұрасы өзі туған топырақта өмір сүретін халықтардың игілігіне жарауы қажетті іс екендігі айдан анық.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Әл-Фарабидің философиялық іліміндегі  онтологиялық көзқарастарының қазіргі күнгі маңыздылықтарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • Философия тарихындағы болмыс мәселесінің зерттелуіне тоқталу.
  • Болмыс мәселесінің антика кезеңіндегі ерекшеліктерін ашып көрсету.
  • Ортағасырдағы онтологиялық көзқарастардың дамуын сараптауға талпыныстар жасау.
  • Әл-Фараби іліміндегі онтологиялық негіздерді анықтау.
  • Әл-Фарабидің философиялық мұрасындағы болмыс және бейболмыс диалектикасын талқылаудан өткізу.
  • Ойшыл дүниетанымындағы «қайырымды қала» ілімінің бүгінгі күнгі маңыздылығын  қарастыру.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Философия тарихында онтологиялық мәселелердің алатын орны ерекше. Ал осы түпкілікті маңызы бар мәселе жөнінде ізденістер жасаған келесі ғалымдарды атап өтсек:  Ж.М.Әбділдин, Э.В.Ильенков, Ә.Н.Нысанбаев, А.Л.Доброхотов және т.б.

...

Скачать:   txt (281.7 Kb)   pdf (648.1 Kb)   docx (95.3 Kb)  
Продолжить читать еще 81 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club