Проект, скрайбинг
Автор: D1kosh • Сентябрь 25, 2021 • Лекция • 514 Слов (3 Страниц) • 274 Просмотры
Жоба
[pic 1]
Жоба — жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Жоба құрылымы:
- проблеманы белгілеу;
- жобаны атау;
- мақсаты;
- міндеттері;
- жоба бойынша іс-әрекет(міндеттерді кезеңге бөліп шешу)
- жобаны ортаға салу.
Жобаның міндеттері:
- жұмысқа деген шығармашылық және эмоциялық қарым-қатынатарды қалыптастыру;
- жаңа ақпаратты қабылдау және талдау қасиеттерін кеңейту;
- шығармашылық жобаны қорғау барысында іскерлік, еңбексүйгіштік, ізденімпаздық, кеңістік, қиял, тапқырлық қасиеттерін дамыту;
- өз білімін іс жүзінде қолдануға,қабілеттерін дамытуға мүмкіндік.
Жоба түрлері:
- эмпирикалық;
- зерттеу;
- рольдік ойындар;
- шығармашылық жоба;
- фантастикалық жоба.
Скрайбинг-презентация
[pic 2]
Әрбір заманауи мектеп оқушысы немесе мұғалім өмірінде кемінде бір рет компьютерлік презентациялар жасады. Оларды жасау үшін негізінен Microsoft PowerPoint бағдарламасы қолданылады. Соңғы уақытта "салынған" презентациялар танымал бола бастады. Бұл технология скрайбинг деп аталады.
...