Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есту қабілетінің бүзылуы

Автор:   •  Декабрь 26, 2021  •  Доклад  •  4,058 Слов (17 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 17

4.3. Есту қабілетінің бүзылуы

(Есту қабілетінің бүзылуынын түрлерінің көп болуы, оны саралап, саңырау балаларды бірнеше топқа бөлуге жағдай жасай- ды/ Мұның мәні, саңырау балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда, балалардың қандай мекемеде білім алу қажеттілігін анықтауда көмектесетінмен айқындалады.

«Дыбыстар жиілікпен, интенсивтілікпен және созылмалығы- мен сипатталады. ]Дыбыстың күші немесе интенсивтілігі деци- белмен (ДцБ) өлшенеді.

Мысалы:

  • жапырақтың сыбдыры - 10 ДцБ,
  • құлақтың түбінен сыбырлау - 25-30 ДцБ,
  • орташа сөйлеу дыбысы - 60-70 ДцБ,
  • қатты музыка дыбысы - 80 ДцБ,
  • метродағы поездың дыбысы - 90 ДцБ,
  • балғамен темірді соғу - 100 ДцБ,
  • авиациялық мотордың дыбысы - 120 ДцБ.

Сөйлеудің жиілік диапазоны 500-ден 3500 Гц (бір секундтағы толқындар) аралығында болады/ Егер есту бұзылуы, бұл диапазонды қабылдауға кедергі болса, сөйлеуді қабылдау мүмкін емес деген сөз. 80 ДцБ жоғары дыбысты қабылдамайтын адамдар, саңырау болып саналады, ал нашар еститіндер 15-80 ДцБ аралығындағы дыбыстарды естімейді. Классификацияның негізгі критерийлері - есту қабілетінің жоғалу уақыты, дәрежесі, сөйлеудің қалыптасу деңгейі болып табылады (Р.М.Боскис). Осы көрсеткіштер бойынша, бүл балаларды бірнеше топқа бөледі.

I. Саңырау балалар - мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан саңырау болғандар және жүре келе, есту қабілетін жоғалт- қандар./Ерте саңырау болғандарға, туа біткен және сөйлеу қалыптасқанға дейін саңырау болғандар жатады. Бұл балаларда кейде, жартылай есту қабілеті сақталады, олар өте қатты дыбыстарды естиді.

Жүре келе, саңырау болғандарға сөйлеу қалыптасқаннан кейін, есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бүлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы, айтушыны түсінеді.

II. Нашар еститіндер (тосаң құлақтық) - бұл сөйлеудің дамуын қиындататын есту кемістігі, бірақ сақталған қабілеттіліктің көмегімен, өз бетімен сөздік қор жинақтауға болады. Нашар еститін балалардың тілінде кездесетін кемістіктерді, оқыту үдерісінде түзетуге болады:

  • тосаң құлақтықтың жеңіл дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз, қүлақтан 3-6 м, ал сөйлеу 6-8 м қашықтықта естіледі;
  • тосаң құлақтықтың орташа дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1-3 м, ал сөйлеу 4-6 м қашықтықта естіледі;
  • тосаң құлақтықтың ауыр дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1 м, ал сөйлеу 2-4 м қашықтықта естіледі;
  • тосаң құлақтықтың өте ауыр дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 0,5 м, ал сөйлеу 2 м қашықтықта естіледі;

Бүл балалардың психикалық дамуы, сыртқы ортаны қабылдаудың ерекше жағдайларында жүзеге асады. Бұл дизонтогенездің ерекше түрі - дефицитарлы даму. Бірінші кемістік - есту қабілетінің бүзылуы - есту мүшесімен тығыз байланысты болып саналатын, сөйлеудің кеміс дамуына әкеп соғады Сондай-ақ, басқа қызметтердің тежелуіне әсерін тигізеді. Дамудың мұндай бұзылуы түтас психикалық дамуды тежейді.»

Есту қабілеті бүзылған балалардың психикалық дамуы, қалыпты еститін балалардың дамуынан ерекшеленетін белгілі заңдылықтарға бағынады. Сонымен бірге, оларда кеміс даму типтеріне тән, заңдылықтар анықталады. Барлық бүзылу түрлерінде, сырт. қы ортадан түсетін ақпаратты қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану қабілеттері төмендейді.

Барлық кеміс балалар категориясында кездесетін келесі бір заңдылық - ол ұғымдардың қалыптасу үдерісінің баяулауы. Есту кемістігі бар балаларда, бүл зандылықтың уақыттық, қүрылымдық ерекшеліктері бар. Әйтсе де, бүл категориядағы балаларда толыққанды үғымдар қалыптасады, яғни, олар қарым-қатынастың жоғары түріне қол жеткізе алады (мысалы, ақыл-ойы кем балалармен салыстырғанда).

Есту қабілеті бүзылған балалардың психикалық дамуының негізгі екі заңдылығын көрсетуге болады (И. М. Соловьев бойынша).

Бірінші заңдылық - есту бүзылуының салдарынан, саңырау балаға келіп жететін, сыртқы орта әсерінің көлемі шектеледі, оның қоршаған ортамен өзара әрекеті, адамдармен қарым-қаты- насы қиындайды. Ал, бүл уақытта кез-келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін, сыртқы орта әсерлерінің алуан түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды болады.

...

Скачать:   txt (61.8 Kb)   pdf (158.7 Kb)   docx (26.8 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club