Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Ш» дыбысы

Автор:   •  Февраль 13, 2022  •  Реферат  •  1,638 Слов (7 Страниц)  •  413 Просмотры

Страница 1 из 7

                                             

           

                                               

Күні:15.02.2022

Білім саласы: Қатынас

Тақырыбы: « Ш» дыбысы.

Мақсаты: «Ш» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыра отырып,сөйлеу тілін түзету.

Міндеттері:

Түзету білімділік: «Ш» дыбысының артикуляциясын еске түсіру, дыбысты жеке, буында, сөзде анық айтуға машықтандыру. Дыбысты дұрыс естіп, дұрыс айтылуын қалыптастыру;

Түзету дамытушылық: Фонетика- фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, ойын тапсырмалар арқылы көріп қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілін, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Түзету тәрбиелік: Әдептілікке, қуыршаққа көмектесе отырып жанашырлыққа, қамқорлыққа баулу, үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: машықтандыру сабағы

Көрнекіліктер:  «Ш» дыбысына байланысты тапсырма суреттер,шарлар,қуыршақ, аудио жазба.

Әдіс- тәсілдер: тапсырма, ойын, сұрақ-жауап,көрнекіліктер.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалім-логопед іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Шеңберге тұру:

- Сәлеметсің бе,Әли-Рахман!

- Қалың қалай?

Үлкенгеде сіз, кішігеде сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Қайырлы күн, қонақтар!

Сәлемдеседі

Мотивациялық кезең:

- Әли-Рахман, айта қойшы, бүгін аптаның қай күні?

Дұрыс айтасың Сейсенбі. Бүгін бізде сейсенбі Айшаның туған  күні екен. Бірақ оның көңіл күйі жоқ секілді. Неге екенін сұрайықшы. Айша, неге сенің көңіл-күйің жоқ? Айша:

-Сәлем, Әли-Рахман. Бүгін менің туған күнім, туған күнімді тойлауға дайын емеспін, өйткені менің шарларым әлі үрленбеді. Сен маған шарларымды үрлеуге көмектесе аласың ба? Айшаға көмек бере аламыз ба, Әли-Рахман?

Ендеше, сен тапсырмаларды орындау арқылы шарларды үрлеу мүмкіндігіне ие боласың. Тапсырмаларды орындап, бірнеше  шар үрлеп беріп, Айшаның туған күнінде көңілін көтерейік.Олай болса тапсырмаларды орындаймыз ба?

-Сейсенбі.

 Мұқият тыңдайды

-Иә, көмектесемін

-Иә

Негізгі бөлім:

Артикуляциялық жаттығулар

Ине

Күрек

Түтікше

Сағат

 Әткеншек

Тәтті тосап

Тіс щеткасы

Ат шауып келеді

Кесе

«Шар» ойыны

Олай болса, қазір артикуляциялық жаттығуларды орындап алайық.

Жарайсың! Сен тілге арналған жаттығуды дұрыс орындадың.

Әли-Рахман, біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық? 

 «Ш» дыбысын айтқанда  тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді.Тілдің бүйірлері азу тістерге тиеді.Ерін аздап дөңгеленіп, алға шығыңқы келеді. Тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен «Ш» дыбысы жасалады.Сипаттамасы: Тіл алды дауыссыз, қатаң, ызың дыбыс.

Саусақтардың амандасуы. Оң қолдың бас бармағы, сол қолдың бас бармағымен амандасады. Екі қолдың саусақтары бір-бірімен амандасады.

Олай болса, қолымыз неге ұқсады?

Осы шарды үрлейік, енді, шардың желін шығарамыз.

Артикуляциялық жаттығулар жасайды

«Ш» дыбысы

Шарға

Ш ш ш

Түзету жұмысы

«Менен кейін қайтала» д\о

Буындарды дұрыс айт.

Ша-Ша-Ша-сырғанады шана

Ше-ше-ше-көрдім сені кеше

Шу- шу- шу-ұшақпенен ұшу

Шы-шы-шы-менің атым қойшы

Асықпа, мұқият тыңда:
Аш-аш-аш-жайқалып тұр ағаш

Еш-еш-еш- көрдім үлкен әтеш

Үш-үш-үш-бойға жинап күш

Ыш-ыш-ыш-шуламаңдар,тыныш!

Қайталайды

«Буын санын тап» д\о

«Ш» дыбысына қатысты суреттерді алып, буын санын тауып орналастыру

Сергіту сәті:

Күркірейді күн, күн

Терезеде шың, шың.

Жаңбыр жауды топ-топ,

Шелек-шелек көп -көп.

Жон арқанды тос, тос

Күнбағысша өс,өс

Жаңбыр жауды топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп

Сергіту сәтін орындайды

Байланыстырып сөйлеу

«Кім жылдам?» д\о

Мнемокесте арқылы сөйлем құрау

«Ш» дыбысы бар сөздерді атап, сөйлем құрайды.

Ұсақ қол моторикасы

Ш дыбысын бейнелеу

математикалық планшетте «Ш» әрпін бейнелеу

Қорытынды

«Шана» д\о

Рефлексия:

Шарты: Көп суреттердің ішінен тек «Ш» дыбысы бар сөздерді Айшаның шанасына салу.

- Бүгін біз қандай  дыбыспен жұмыс жасадық?

-Саған бүгінгі ойын сабақта не істеген қызық болды?

-Бүгін мен де сені  өте жақсы деп бағалаймын, жарайсың Әли-Рахман!

Тапсырмаларды дұрыс, тиянақты орындап Айшаға көмектескенің үшін ол саған мынадай сыйлықты табыс етеді.Қабыл ал.

Осымен бүгінгі ойын сабағымыз аяқталды.

-Қонақтарға «Сау болыңыздар!» деп айтайық.

Бала өзін бағалайды

Сау болыңыздар!

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (86.8 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club