Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әуезовтың ғұрып фольклорына сипаттамасы

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Реферат  •  2,952 Слов (12 Страниц)  •  435 Просмотры

Страница 1 из 12

    Қазақстан Республикасының  білім және ғылым минстрлігі

                 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

[pic 1]

Факультет: Филология және әлем тілдері

Кафедра:  Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

№1 СОӨЖ

М.Әуезовтың ғұрып фольклорына сипаттамасы.

                               Орындаған: Ғалбиат Тұнық, ҚТӘ-404

                                           Тексерген: Сейітжанов З.

 Дәуітова         Г.

                                   Алматы    2020

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

              *  Фольклор – әдебиет пе?

              *  Қазақ және шетел ғалымдарының қазақ фальклорын жіктеуі

               *  М.Әуезовтің ғұрып фольклорына сипаттамасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Фольклор» мен «ауыз әдебиеті»

«Фольклор» мен «ауыз әдебиеті» ұғымдарының ғылымға ену тарихына тоқталсақ. 1846 жылы ағылшын ғалымы Уильям Томс ағылшын тілінен аударғанда «халық даналығы», «халық білімі» деген мағына беретін «фольклор» терминін ғылымға әкелді. «Ауыз әдебиеті» ұғымын ғылым мен мәдениетке енгізген А.Байтұрсынов болды. Ғалым 20 ғасырдың бірінші ширегінде орыс әдебиеттану ғылымында қалыптасқан «устная литература» терминін қазақшалап «ауыз әдебиеті» деп атайды. Осыдан барып кеңес дәуірі тұсындағы қазақ фольклортанушы ғалымдары, атап айтсақ, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин және т б ғалымдар қазақ фольклортану ғылымын зерттегенімен, фольклорды «ауыз әдебиеті» терминімен атап келді. 1980 жылдардан бастап қазақ фольклорының зерттелу тарихын, тегі мен табиғатын, жанрларын арнайы қарастырып, ғылыми еңбек жазған ғалымдар: С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Ш.Ыбыреав, Р.Бердібаевтар «ауыз әдебиеті» терминін фольклор ұғымында қолданады. «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында» ауыз әдебиетіне төмендегідей сипаттама берілген: «Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша бір саласы – ауызша шығарылып, ауызша тараған поэтикалық көркем сөз өнері». Біздіңше аталмыш анықтама фольклор ұғымына жақын. Себебі, фольклор ауызша туып, ауызша тарайтын поэтикалық сөз өнері арқылы көрініс тапқан халық шығармашылығының бір саласы. Ауыз әдебиеті - қазақ әдебиеті тарихының бір бұтағы. Әлбетте, әдебиеттің екі формасы бар екені белгілі. Бірі - ауыз әдебиеті, ал екінші түрі – жазба әдебиеті. Жазу мәдениеті болмай-ақ әдебиет болғаны даусыз. Әдебиет жазу шықпастан бұрын ауызша өмір сүрді. Қазақ қоғамында дәстүрлі ауызша мектеп қалыптасты. 15-18 ғасырлардағы ақын-жыраулар, атап айтсақ, Асан қайғы, Шалгиіз, Ақтамберді жыраулар, беріде Бұқар жыраулар толғаулары ауызша туып, ауызша сақталған, себебі ол дәуірде жазу мәдениеті қалыптаспаған еді. Ауыз әдебиеті мұрасына жататын жыраулар шығармашылығы халық жадында сақталып, 19 ғасырдың ІІ жартысынан бастап қана хатқа түсті. Ауызша сақталған жыраулар мұрасы қазақ ағартушы-ғалымдар еңбегі нәтижесінде фольклорлық мұра дәстүріндегідей ел аузынан жиналып баспа бетін көрді. Фольклорлық мұра мен ауыз әдебиеті өкілдерінің шығармалары біздің заманға ауызша сақталуы арқылы жетті. Олай болса, фольклор мен ауыз әдебиеті терминдері арасындағы ұқсастық ауызша сақталып, ауызша тіршілік етуінде ғана болып отыр. Сондай-ақ, «фольклор - әдебиеттің кәрі әжесі» деген Ғ.Мүсіреповтың пікірін негізге алсақ, өркениет тарихында алғашқы қалыптасқан рухани құндылық ретінде фольклорды айтсақ орынды. Фольклорлық дәстүр жалғастығы аясында ауыз әдебиет пайда болды. Оған дәлел фольклорлық эпостардың көркемдік құралдары, стилі, бейнелілік т б мәселелері ауыз әдебиетіндегі образ жасау тәсілі мен сюжет, көркемдік ерекшеліктер мен жанр қалыптастыру мәселелері дамуына әсер еткені сөзсіз. Яғни, жоғарыда айтылған пікірлерді саралайтын болсақ, «фольклор» мен «ауыз әдебиеті» ұғымдары бір мағына бермейтіндігі анықталады.

...

Скачать:   txt (41 Kb)   pdf (206.9 Kb)   docx (51.3 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club