Қайдан, келдің бауырсақ?
Автор: korkesha • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 1,702 Слов (7 Страниц) • 513 Просмотры
«Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Облыс,ауданы: Түркістан облысы, Созақ ауданы
Мектеп: «Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Қайдан, келдің бауырсақ?
Секциясы: Бастауыш
Автор: Нұрмаханбет Нұрай Сағадатқызы
Сыныбы: 4 «Ә»
Жетекшісі: Жақаева Балауса Сұлтанғалиқызы
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе ……………………………………………………………
1.1.Ас атасы - нан…………………………………………………
ІІ. Негізгі бөлім………………………………………………………………
2.1.Бауырсақ қайдан келеді? ………………………… ………………………
2.2. Бауырсақтың пайдасы .............................................................
2.3. Бауырсақты пісіру жолдары…………………………………………
ІІІ. Қорытынды …………………………………………………………
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………
Зерттеудің мақсаты: Нанның қалай жасалатындығын түсіне отырып, оның пайдасымен, қасиетін зерттеу. Дайындау жолын үйрену
Зерттеудің ғылыми болжамы: Көне заманнан қасиетті ас болып саналатын нанды қастерлей білуге үйрету.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1.Бірінші кезең: «Қуыршақ пен бауырсақ» өлеңін оқып, бауырсақтың қалай пайда болатынына ден қою, дайындалу жолын үйреніп, тәжірибе жүзінде көру.
2. Екінші кезең: Әр тәжірибені күнделікке жазып, қорытынды шығару.
3.Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын саралап,үсыну.
Зерттеу әдістері: Іздеу,зерттеу, оқу, талдау
Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:
Оқушы нанның, қала берді бидайдың қадірін түсініп, оны ысырап қылмауға үйренді. Ата-бабаларымыздың нанды қалай қастерлегенін ұғынып, «Нан бар жерде- ән бар» мақалын тереңінен түйді.
Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:
— Оқушы үйде анасына қолғабыс болып, нан, бауырсақты дұрыс ашытуды үйренді.
І. Кіріспе
1.1. Ас атасы-нан
Ас атасы- нан . Ол бидай ұнынан жасалады. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әртүрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан, отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгенін қарыма, майға пісірілгенін бауырсақ, жайма деп аталады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті деп санайды. Алайда нан ұннан, судан жасалады. Нанға тұз, ашытқылар (дрожи) қосады, олар өз кезегінде нанды пешке салу үшін қабығын қалындатып көтереді.
Нан - неолит дәуірінде-ақ пайда болып, даярлануы тарих тереңінде жатқан өнімнің бір түрі. Алғашқы нан жарма мен судан даярланған, сол сияқты су мен ұнды кездейсоқ немесе арнайы мақсатта тәжірибелеу қорытындысынан туындаған пісірме ботқаның түрінде болды. Қазіргі уақытта ертеректегі нанның жалғасын бүкіл әлемде әр алуан жармадан даярлайды,мысалы, үндінің чапатиі, қытай poa-pingі, шотландық сұлы жұқа наны, солтүстік америкалық жүгері жұқа наны және эфиопия инжері. Шелпек түріндегі нан көптеген ежелгі өркениетті елдердің тағамы болды: шумерлер арпа шелпегін жеді, ал б.з.д. ХІІ ғасырдағы мысырлықтардың көшедегі шатырлардан та деп аталатын қатты шелпектер сатып алуға мүмкіндіктері болды.
...