Халед Хоссейни «Бегущий за ветром» романы
Автор: naz-2001 • Апрель 5, 2023 • Анализ книги • 983 Слов (4 Страниц) • 190 Просмотры
Халед Хоссейни «Бегущий за ветром» романы
Халед Хоссейнидің дебют романы-көрерменнің таңдамалы туындысына айналды. «Бегущий за ветром» романының әлем әдебиетінен орын алуға лайық қошеметі бар. Роман-ашықтық, роман-трагедия. Шығарманың көрерменге берер өнегесі көп.
Романның негізгі идеясы мен тақырыбының ауқымы кең. Автор шынайы достық, тағдыр, сатқындық, ұлттық сана мен дін қайшылығы мәселелерін көтереді. Оқиға Ауғанстан еліндегі жағдайларды қамтиды. Ауғанстан – басты кейіпкерлердің туған елі, олардың барлық балалық шағы мен жасөспірім кезінің куәсі болған жер. Басты кейіпкер – Әмірдің (Амир) жан дүниесіндегі қансыраған жаралары елде болып жатқан қиындықпен біртұтас ажырамас бөлік ретінде суреттеледі. Шығарманың соңындағы Сохрабтың көзге ілігер ілікпес күлкісі бала жанының қуанышын ғана емес, тарихы бұрмаланған елдің қайта тірілуін танытқандай.
Басты кейіпкерлер – Әмір мен Хасан. Олар-ауғанның бейбіт күнінде алаңсыз балалық шақтарын өткеріп, аспанға батпырауықтар ұшырып, өмірлеріне дән риза балалар. Мұңы мен наласы жоқ өмірлерінің бір сәтте-ақ өзгеретінін білмейді. 1979 жылы Ауғанстан еліне шабуыл жасалып, аяусыз соғыс басталды. Роман нәзік сөз саптауларынан, ирониялық шегіністерден, сентименталды оқиғалардан тұрады. Әмір мен Хасанның арасын тұңғиық бөліп тұрғандай. Біреуі жергілікті ақсүйек адамның баласы болса, екіншісі қиындыққа толы өмірге тиесілі. Бірінің әкесі – ортасына сыйлы, оқыған әрі өзіне ғана лайық сымбаты болса, екіншісінің әкесі – сауатсыз әрі аянышты еді. Хасанның өзгешелігі – ұсқынсыз қоян ерні еді. Әмір болса өзінің тыртыққа толы жүрегін тереңде сақтады. Дегенмен екі ұлдың арасындағы сыйластық пен жақындықты, адалдық пен шынайылылықты өзгелерден табу мүмкін емес. Басты кейіпкерлер жылан батпырауықтары сияқты, дауылдарға төтеп бере алмай, екі жаққа ұша барды. Әр кейіпкердің өз тағдыры, өз трагедиясы, өз өкініші бар. Өзгермеген бір ғана нәрсе бар еді, ол – Әмір мен Хасанның шексіз байланысы.
Роман барлық оқырмандардың жүрегінен орын алды. Шығарма туралы танымал журналдарда келесідей пікірлер мен мақтаулар айтылды.
«Тамаша дебют... екі ауған ұлының достығы және олардың қайғылы тағдырлары туралы әңгіме. Бұл дәстүрлі роман оқырманды таңқалдырады» San Francisco Chronicle
«Баяндаушының таланты мен әдеби дәстүрлерге деген құрметі бірдей дәрежеде көрінеді. Хоссейни махаббат, саясат және әлеуметтік қайшылықтар туралы шын жүректен, әшекейсіз және ерекше қызықты баяндайды.» The Cleveland Plain Dealer
Хоссейни нәзіктік пен үрей тудыруы мүмкін, Калифорнияның тәтті армандары мен Кабул кошмарларын бейнелейді. Таңқаларлық астарлы әңгіме. Globe and Mail
Романның соңғы үзінділері өкініш пен кешірімнің байланысын көрсетті. Батпырауық романның соңғы беттерінде ғана аспанға қайта оралады. Хасанның ұлы күлімсіреп, оның артынан жүгіреді, бұл Әмірдің мақтанышпен жалғыз жеңімпаз қызыл жылан Ауғанстанның соңғы бейбіт жылында Кабул қаласының үстінде көк аспанда қалықтаған сәттен бастап жиырма алты жыл өткен соң алған кешірімін білдіреді.
Романда кездесетін, жүрегімнен ойып тұрып орын алған үзінділермен бөлістім.
- «Балалар бояу кітаптары емес. Сіз оларды сүйікті түске бояй алмайсыз».
- «Тауып алу және қайтадан жоғалту, мүлдем болмағаннан да ауыр».
- «Өзінің ісіне жауап бере алмайтын баладан, ешкімді асырай алмайтын ер адам пайда болады».
- «Әкем маған ешкімге, тіпті жаман адамдарға да жамандық жасамау керектігін айтты. Мүмкін олар жамандықтан басқа жолды білмейтін шығар. Ең жаман адамның өзі бір күні тура жолға түседі».
- «Сіз танымайтын адамдар туралы бірден жаман ойлауға болмайды».
- «Уақыт бәрін өшіреді».
- «Мен ешкімді өткеннің күнәлары үшін айыптауға құқығым жоқ».
Қорытындылай келе, романды соңына дейін оқығаннан кейін ғана ар, намыс, үміт, бостандықтың символы – батпырауық болғанын байқаймыз. Ол бірде аспанға қалықтаса, бірде төменге қарай құлдырады. Кейіпкерлердің балалық шақтарынан басталған жетілу кезеңдері, қабылдаған маңызды шешімдері, адамгершілік істері баршаға үлгі болар еді.
Халед Хоссейни «Тысяча сияющих солнц» туындысы
Адам жанының төңкерісіне әкеліп, жүрек түкпірінен орын алатын шығарма. Автордың өмір шындығын көрсетудегі шеберлігі айрықша. Шығарманың басынан соңына дейін көрерменнің қызығушылығы арта түседі.
...