Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терезенің арғы беті бергі беті демекші

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Эссе  •  362 Слов (2 Страниц)  •  341 Просмотры

Страница 1 из 2

Терезенің арғы беті, бергі беті

Естігің келетін нәрсені естіп,

көргің келетін нәрсені ғана көріп өмір сүру шылым

шегіп алып мас болып өмір сүргенмен бірдей.

(Хун Цзычен)

      Ақиқат және жалған екеуі де бір-біріне сай келмейтін бірақ қатар жүретін қарама- қайшы қос заңдылық. Екеуі терезенің арғы беті мен бергі бетіне ұқсайды. Бірі қанша әдемі болса да көп жапа шектіріп тура жолдан тайдырады. Ал екіншісі ащы болса адамды жақсылыққа жетелеп тура жолдан тайдырмауға тырысып, адал жолға түсіреді.  Ақиқат сол екі терезенің тепе-теңдігін ұстап тұратын алтын көпір десек те болады. Жалпы адамзат үшін ақиқатсыз өмір қараңғы далада кезіп жүрумен тең. Бірақ адамдар сол шындықтың қадірін түсіне бермейді. Шындыққа жүгінудің орнына жалғанның артынан жүгіреді.

Терезенің арғы беті бергі беті демекші :

   Бірде бір екі жас көңіл жарастырып отау құрғаннан кейін ата-аналарынан өз еншілерін алып қала шетіндегі бір үйге қоныс аударады. Көшіп келген үйлері жұпынылау əрі тар бірақ, бөлме-бөлме  сайын терезе орнатылған жəне бір терезесінен көршілерінің ауласы көрініп тұрады екен. Күн сайын жұбайы терезеден көрші үйдің ауласына үңілсе көрші келіншек далаға жуылған киімдерін жаяды екен. Байқаса жайып жатқан киімдерінің кірі кетпеген лас көрінеді. Бұл жағдайға таңданған жұбайы болған жəйтті үнемі күйеуіне жеткізіп отырады. Арада апта өтеді бірақ көрші келіншек сол күйі далаға жуылған киімдердің кірі кетпеген күйі жаюын тоқтатпайды. Бірақ күндердің күнінде жұбайы əдеттегідей көршісінің ауласына үңілсе көрші келіншектің бұл жолы жуылған киімдерін тап-таза қып жайып жатқанын көреді. Дереу күйеуіне қарап:"Отағасы, көрші əйел үнемі жуылған киімдерін кір күйінде жаюшы еді бұл жолы киімдері тап-таза екен",-дейді таңданысын жасыра алмай. Сонда күйеуі:"Жаным, негізінде мен тереземізді тазалап қойып ем сондықтан бүгін көршінің не істеп жатқаны саған бұрынғыдан анық көріне бастаған ғой",-деген екен.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (37.1 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club