Лекция Кейіпкер, Типтік кейіпкер, типендіру
Автор: Aiger2m • Февраль 12, 2023 • Лекция • 3,914 Слов (16 Страниц) • 324 Просмотры
№ -3 Лекция Кейіпкер, Типтік кейіпкер, типендіру
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3]
Типтік қоғам, типтік тұрмыс | Типтендіру және даралау әрекеті |
Жазушы шығармасында белгілі бір адаммен бірге заман, қоғам бейнесін де жинақтап, типтендіре суреттейді. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде Ғазиза тұратын үйін суреттегенде «Қанайдың қорасы керуен қасына келгенге шейін, жан иесінің мекені екендігін білдірмейді. Иесіз аңырап, ұмытылып қалған бірдеңе секілді» деп суреттегенде ХХ ғасыр басындағы азып-тозған қазақ ауылының тұрмысы елестейді. Бұл тұрмыс сол кездегі барша қазақ ауылдарына тән типтік жағдай деуге болады. | Жазушы кейіпкерге өзі суреттеп отырған замандағы қалыптасқан әдет, мінез-құлықты жинақтап бейнелегенде типтік образ қалыптасады. Мысалы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы Меңтай, Ербол, Зәйкүл, Жомарт соғыстан кейінгі оқу іздеп, ауылдан қалаға келген жастар бейнесін көрсететін типтік образдар. Бұлардың бойында сол заманға тән жастардың мінезі, іс-әрекеті тән болса да олардың әрқайсысының өздеріне тән мінез ерекшелігі, дара болмысы бар. Демек әдебиеттануда оны даралау деп атайды. |
[pic 4]
[pic 5]
Типизация в литературе и индивидуализация в литературе (bukinistu.ru) | әдебиеттануда Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізін құру барысында "типтендіру" және "даралау" деп аталатын ұғымдар шешуші рөл атқарады. Сондықтан бұл категориялар образдардағы ойлаудың ең маңызды заңдылықтары ретінде заңды әрекет етеді. Типтендіру және даралау нәтижесінде образдар– тип болып табылады. Әдебиеттану ғылымында типтендіру ұғымы реалистік шығармаларға қатысты қолданылады. Осы қағида төңірегінде пікірталастар жүріп жатыр. Кейбір сыншылар реализм «типтендіру» ұғымымен байланысты болса, романтизмде «идеализация» терминін ұсынды. |
Словарь литературоведческих терминов. — М. : Просвещение. 1974 (imwerden.de) | Типтілік - әртүрлі тарихи дәуірлерде әртүрлі елдердегі бірқатар әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, адам топтарының, әлеуметтік маңызы бар идеологиялық ағымдардың маңызды белгілерін жинақтап сипаттайды... Жазушылар нақты бір уақытта қандай да бір елдің белгілі бір әлеуметтік таптарының ерекшеліктерін жинақтап сипаттайды: (мысалы, Островский комедиялары мен Горький романдарындағы орыс буржуазиясының образдары, Диккенс пен Голсуорсидегі ағылшын буржуазиясы), ұлттық мінез белгілері (Лермонтовтың «Саудагер Калашников туралы жырындағы» А.Н.Толстойдың «Орыс характері» мен М.Шолоховтың «Адам тағдыры» шығармаларындағы кейіпкерлердің образдары...), дәуірлік кейіпкерлердің жағымсыз бейнесі (Пушкиннің барон Филипп – сараң рыцарь) және жағымды (Шиллердің маркиз Позасы) ерекшеліктері жинақталып бейнеленген. Типтендіру принциптеріне келетін болсақ, жазушылар көбінесе өз шығармаларындағы кейіпкерлердің белгілі бір таптық идеяларын, сенімдерін, ұмтылыстарын ашып, сол тапқа тән белгілерін ұсынады (Тургеневтің «Әкелер мен балалардағы» Базаров пен Кирсанов) |
Жоғарыда көрсетілген еңбектерде типтендіру мен даралау ұғымының әдебиеттану ғылымында образ жасауға тікелей қатысты екенін түсінеміз. Нақты айтқанда, образ ұғымы бар жерде тип, типтендіру, даралау ұғымы қатар жүреді. Жазушы шығармашылық процесте образ жасау барысында типтендіре жинақтау арқылы өзі суреттеп отырған қоғамдық жағдайды және сол қоғамда өмір сүрген адамның келбетін, болмыс-бітімін жинақтап тип жасайды. Академик З.Қабдолов: «типтендіру – мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі формулаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармалардағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті» »(Қабдолов З.Сөз өнері. А.: «Мектеп» баспасы, 1976. 101 б.) деп көрсетеді.
...