Кітапхана
Автор: Aiguladuova • Декабрь 20, 2023 • Доклад • 1,311 Слов (6 Страниц) • 112 Просмотры
Кітапхана – ауыл мәдени өмірінің орталығы «ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», деп Елбасымыз атап айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Кітапхана – дүниеде ештеңге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі.
Мен Жаңабет ауылдық кітапханашы Ахметова Джанат Океновна 2009 жылдан бастап қызмет жасап келемін.Кітапхананың мақсаты оқырмандардың жан жақты дамуына, әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектесу, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Кітапхананың міндеттері Оқырмандардың оқу коммуникативті және оқу ақпараттық біліктері мен дағдыларын дамыту; Кітаптарды насихаттау жұмысын ұйымдастыру; Ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру.
Кітапхана ауылдық клубтың ішінде орналасқан, оқырмандарға жайлы жағдай жасалған. Кітапхана қорында кітап бар.
2009-2011 жылдары Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледжді «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша сырттай аяқтадым.Кітапхана ісі туралы аудандық, облыстық семинарларда тәжірибе жинақтап, өз білімімді шындап келемін.
Кітапхананың мақсатты жүзеге асыруда соңғы үш жылда бірнеше жұмыстар жоспарлы түрде өткізілді.Атаулы күндерге арналған көрмелер уақытылы оқырмандарға таныстырылып келді.Жылда Абай күніне орай «Абай дана, Абай дара қазақта» көрмесі Абай туралы мәліметтермен толықтырылып отырылады.Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай жинақталған көрмеде рәміздердің шығу тарихы мен авторлары туралы деректемелер қойылды.
Ауылдық кітапханада дәстүрлі балалар кітаптарының апталығы жылда сәуір айында аталып өтеді.Биылғы жылдың көктемі тамаша дәстүрлі өзгертпестен біздің кітапханамызға жарқын,көңілді,шуаққа және қуанышқа толы кітап оқу мерекесін сыйлады. Балалармен апта бойына «Көңілді поезд», «Өнеріңді көрсет», «Адасқан әріптер»,
«Кім білгір» атты ойындар ойналды. Онда балалар әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты, мақал – мәтелдердің соңын жалғастырып,көңілді мультфильмдер көрсетіліп, ертегілер оқылды.
Кіші топтың оқырмандары ауылдық кітаптың тұрақты оқырмандары.«2022 – Балалар жылы» деп жариялануына байланысты кітапханада «Менің сүйікті кітаптарым» атты балаларға арналған кітап көрмесі жасалынған.Кіші топтың оқырмандарына осы бөлімдегі кітаптар мазмұны таныстырылып тұрады.
Мемлекеттік мерекелер бөлімінде жылда 16 желтоқсанда « Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат», « Тәуелсіз елім Қазақстан» атты танымдық сағаттарын өткіздім.
Тоғызыншы мамыр «Желбіре , Жеңіс жалауы» атты мерекелік іс шаралар өткізіліп,ауылымыздың ардагерлер еске алып,батырлар туралы көрмеге шолу жасалады.
Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні де кітапханада дәстүрлі түрде аталып келеді.Нәзік жандарға кітапханада мерекелік көңіл күй сыйлап, құрмет көрсетіледі.
« Бір ел бір кітап» акциясы аясында «Ұлттың ұлы ұстазы » атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Қатысушыларға ақынның өмірбаянымен шығармалары, еңбектері туралы толық мағлұмат берілді. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағынан оқушылар мәнерлеп оқып, оз ойларын жеткізді.Кітапханашы «Ұлттың ұлт ұстазы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Биыл қарашада «Бірге оқимыз» атты диверсисмент кеші Төлен Әбдікұлының шығармалары ортаға салынды. Жазушының шығармаларының ерекшеліктері, шығарма кейіпкерлерінің дара, табиғи болмыстары жайында айтылып, «Тозақ оттары жымыңдайды» шығармасына кеңірек тоқталып өтті.
Шығыс халықтарының мерекесі Әз-Наурыздың тарихымен, сән-салтанат, салт-дәстүрімен дәріптеу мақсатында 22 наурызда «Шуағын шашқан -Наурыз» атты тарбие сағаты өткізілді.
Жаңабет ауыл кітапханасы «Қиял әлемі» шебер қолдар үйірмесі жұмыс жасайды. «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы. Үйірме мүшелерінің қол-өнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру.Қаңтар айында «Моншақты кесте тоқу» , наурыз айында «Ою-өрнек әлеміне саяхат»,маусым айында «Анаға қарап қыз өсер ортақ» айдарымен жұмыстар жасалды. Қазан айында «Халқымның асыл мұрасы » атты үйірме мүшелерімен киізден бұйымдар жасау сағаты ұйымдастырылып,жұмыстарын көпшілікке таныстырылды.Аудандық кітапхана ұйымдастырған « Кешкі кітапхана » жұмысына балалардың жұмыстары көрмеге ұсынылып, көпшіліктің алғысына бөлінді.
...