Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейбітшілік кіндігі

Автор:   •  Май 2, 2021  •  Эссе  •  1,527 Слов (7 Страниц)  •  755 Просмотры

Страница 1 из 7

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

       ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                            ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ

                                        ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

                                           [pic 1] 

Тексерген: Исаева Алия Исаевна

Орындаған: “6B01508-Химия- Биология” мамандығының 1 курс                                    студенті Дауылбаева Рано

                                                Эссе

                  “Бейбітшілік кіндігі”

Жоспар:

Кіріспе;

    Нұрсұлтан Назарбаев - қазақтың дана, кемеңгер ұлы

Негізгі бөлім:

    1.“Бейбітшілік кіндігі” атты кітабы

   2. Қазақстан: Ядролық қарусыз болашаққа

   3.Жаңа шындық

Қорытынды:

   Бейбітшілік - адамзаттың ортақ еңбегінің нәтижесі

Әдебиеттер тізімі

  Мен бұл эссемді ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен бастағым келеді: “Ұлым дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұл қайдан шығады” дей келе, көп жылдар бойы халқымыз бейбіт, бақытты, тәуелсіз ел болуды армандап келді. Және де осы арманымыз 1991 жылы 1 желтоқсанда шындыққа ұласты. Дәл осы жылдың 16 желтоқсанында біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Бұл- біз үшін, бүкіл қазақ елі үшін жарқын, бейбіт өмірге басқан үлкен қадамымыз болды. Осы орайда, тарихты жасап келе жатқан, оған ақыл-ойымен қам-қарекетінің айшықты таңбасын салған тұлға бар. Ол- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз өтпелі қиын кезеңнен Қазақстанды сүріндірмей алып шығып, өркениетті даму жолына бағыттай білгені бізге мәлім.

  Ең алдымен, “Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай лауазымдарды иеленді?” дей отыра, Елбасымыздың қызмет жолын талқылай кетейік. Қазақстанның мемлекет қайраткері, 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымы және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесінің мүшесі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі және  КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн, «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі болды. Сонымен қоса, Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі, Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы, Достық қорының құрметті төрағасы, ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы атты қызметтерді атқарды. Міне, осындай құрметті лауазымдарды иелене отырып, Қазақстаннымыздың дамуына, жетістіктеріміздің жетуіне, мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлкен үлесін қосты деп білемін.

  Елбасымыздың көптеген кітаптары мен дәйексөздері бар. Мысалы, “Сындарлы он жыл”, “Қазақстан жолы”, “Бейбітшілік кіндігі”, “Тәуелсіздік белестері”, “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”, “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін”, және т.б. Соның ішінде мен “Бейбітшілік кіндігі” атты еңбегін талдадым.

Қасіретті Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың “Бейбітшілік кіндігі” атты кітабында 1991 жылғы 29 тамыз күні “Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы” Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылғанын оқып білдім. Осыдан 17 жыл бұрын 2001 жылы 28 тамызда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өткізілген болатын. Кітапқа сипаттама беретін болсам жалпы 298 беттен тұрады. Екі үлкен әрі басты тараулардан тұрады: Қазақстан; Ядролық қарусыз болашаққа және Жаңа шындық.

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (124.7 Kb)   docx (24.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club