Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хайду хан и независимый улус Чагатая в Центральной Азии

Автор:   •  Апрель 15, 2019  •  Статья  •  1,622 Слов (7 Страниц)  •  613 Просмотры

Страница 1 из 7

Секция. Подсекция

УДК

Бейсенбеков Мейрам Бакдаулетовч

Жетысуский государственный университет имени И. Жансугурова, Талдыкорган, Казахстан

Хайду хан и независимый улус Чагатая в Центральной Азии

        Аннотация. В своей статье автор описал приход к власти Хайду хана внешний и внутерний  политику, и стремился раскрыть состояние улусов Монголский империй после Чингиз хана в ХIII веке.

        Ключевые слова: Улус, род, племя, империя, хан

Beisenbekov Meiram Bakdauletovich

Zhetysu state University named after I. Zhansugurov, Taldykorgan, Kazakhstan

Qaidu Khan and the independent ulus Chagatai in Central Asia

Abstract. In his article, the author described Qaidu Khan's coming to power as an external and internal policy, and sought to uncover the state of the uluses of Mongolian empires after Genghis Khan in the XIII century.

Keywords: Ulus, clan, tribe, empire, khan

Хайду хан (1236-1301)- Өгедей хан немересі, Шыңғыс хан шөбересі. 1271 жылдан бастап Шағатай ұлысының билеушісі. Алтын Орда билеушісі Берке хан қолдауымен билікке ие болады [1,44 б.].

Хайду жас кезінде Қарақорымда Ұлы хан ордасында тәрбиеленеді. Хайдудың әкесі Өгедей ханның бесінші ұлы Қашын ханзада. Әкесі ой-сауық пен шарапты жақсы көрген, сондықтан жастай қайтыс болады. Хайдудың анасы Шабкане-қатун бекрін (мекрін) руынан шыққан.Бекрін руы таулы аймақта ұйғырлармен көршілес тұрған. Рашид ад-Дин айтуынша бекрін руы “монғол да. ұйғыр да емес”. Хайдудың сырт келбеті таза монғол орта бойлы, көсеулеу келген, қысық көзді. Ол өзінің диипломатиялық пен қолбасшылық қасиеттерін суық саясатқа біріктірген. Атасы мен әкесінен айырмашылығы ол шарапты ішпеген, тіпті қымызға көп жоламаған [2,c.13].

ХІІІ ғасырда Монғол империясының бір осал буын мұрагерлік заң жоқтығы еді. Әр хан қайтыс болғаннан кейін оның орның басатын адам ұзақ уақыт құрылтай өткен сон ғана жаңа хан пәрмені жүреді. Осы уақытта жесірі уақытша регент болып билікті жүргізетін. Оның билігіне ханзадалар мойынсұна бермейтін, өз аймақтарын өздерінше жүргізетін. Мәселен, 1241 жылы Өгедей өліп, оның ұлы Гүйік (1246ж.) таққа отырғанға дейін алауыздық болған. Гүйік 1248 жылы қайтыс болды, таққа Төлей тұқымдары иелік етті. 1251 жылы Мөңке Ұлы хан сайланды. Шағатай мен Өгедей қасатандық жасамақ ниетте болды. Хайдудың өмірін сақталып аман қалады, ол алыс Тарбағатай аймағына айдауға жіберіледі [3,266 б.]. 1251 жылы Шағатай ұлысын Батый мен Мөңке бөліске салады. Батыйға Мауранахр тиеді.  ХІІІ ғасырдың 60 жылдарында Шағатай немеремі Алғұй ұлысты қайта қалпына келтіріп, Шағатайлар билігін орнатты. Алғұйдың мұрагерлері Мүбарақ пен Барақ ислам дінің қабылдаған болатын. Ұлыстың астанасы 1266 жылы Жетісудан Мауранахрға ауысты.

1253 жылы Мөңке хан қайтыс болады. Оның інілері Құбылай мен Арық-бұға арасында таққа талас болады, біріншісі Қытай, екіншісі Монғолияда ұлы хансайланады. Хайду Арық-Бұғаны қолдайды. Олардың таққа таласы Хайдуға тиімді еді. Оның ойынша Монғол империясының тағы тек Өгедей ұрпақтары ғана билеу керек. 1264 жылы Арық-Бұға қайтыс болғаннан кейін Құбылай ханға бағынудан бас тартады. Хайду анасының руы бекріннен қолдау табады. Шағатай ұлысының шығысындағы Жетісуға бекінеді, ұлыстағы соғыстарға белсене қатысады.  Хайду тұсында Орта Азиядағы өз иеліктерін Хулагу мен Жошы мемлекеті есебінен оңтүстікке және батысқа қеңейтеді.

Жошы ұрпақтары көмегімен Еміл даласында болып, Ертіс өзенінде Өгедей ұлысын қалпына келтіреді. Шағатайлық Алғұй мен Берке хан арасындағы соғысты пайдаланады. Берке ханды қолдайды. Алғұй Хайдуға өз әмірлерін жібереді, бірақ жеңіліске ұшырайды. Алғұй бекзадалар бірін қалың қолмен аттандырады, Хайду жеңіліске ұшырайды. Алғұй қайтыс болған сон ғана өзі жаулап алған территориясына ие болуына мүмкіндік алады [4,c. 481].

Рашид ад-Дин деректерінде Шағатайлық билеуші Барақ Құбылаймен соғысып жатқаның пайдаланып Хайду Талас аймағын басып алады. Мауранахрға шабуылдап алғашқы шайқаста Барақтан жеңіледі. Меңгу-Темір 50 мың әскер көмекке жібереді, басымдылық Хайду жағында болған сон жеңіске жетеді. Барақ соғысқа дайындық қезінде оның жақсы пиғылын байқайды. Хайду оған бөлесі Қыпшақты және ұлы Қаданды жібереді. Мақсаты Барақпен бейбітшілік пен одақ құру. Қыпшақты Самарқандта сән-салтанатпен қарсы алады. Монғол дәстүрі бойынша бір-біріне тостаған тарту етеді.

...

Скачать:   txt (20.9 Kb)   pdf (536.9 Kb)   docx (158.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club