Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

50-60 жылдардағы Ауыл шаруашылығы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Эссе  •  339 Слов (2 Страниц)  •  285 Просмотры

Страница 1 из 2

  Соғыстан кейінгі жылдары елдегі ауыл шаруашылық ісі өте нашар деңгейде болды.

 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығына арнап мемлекеттен МТС және көптеген керекті техника және де қаржылай қолдау көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Бірақ оң нәтиже көрінбеді, сол себепті ұсақ колхоздарды ірі колхоздарға біріктірді. Қабылданған іс-шаралар оң нәтижесін көрсетті.

  Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Бұл кездерде жұмысшыларға ақы өнімдермен төленді, жұмысшылар жағдайда аса қуантарлық болмады. Қарыздар жойылып, салық елеулі азайтылғанымен, азық-түлік бағасы қымбат болды.

  Н.С.Хрущев өз билігін нығайту үшін өз кадрларын түрлі орынға қоя бастаған кездері 1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК-нің бірінші хатшылығына Ж.Шаяхметовтың орнына П.К.Пономаренконы қойды. Өйткені Ж.Шаяхметов тың жерлерді тез игеруді қолдамады.

  Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

  Белгіленген тапсырма 1954 жылы тамызда орындалды, нәтижесінде 13,4 млн гектар, оның ішінде 6,5 гектар Қазақстанда тың жер жыртылды. Тамызда тың жерлерді игеру жайлы жаңа қаулы болды ол қаулыда 1956 жылға дейін егін аумағын 28-30 млн гектарға дейін жеткізу тапсрылды. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектар болды, бірақ 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

...

Скачать:   txt (4.6 Kb)   pdf (41 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club