Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рецензия на фильм "Бір сен үшін"

Автор:   •  Январь 31, 2020  •  Реферат  •  286 Слов (2 Страниц)  •  590 Просмотры

Страница 1 из 2

«Бір сен үшін»

Қазіргі таңда көрерменнің талғамына сай таспаланған фильмдер аз емес. Дегенмен талғам болған жерде бір-біріне қарама-қайшы пікірлердің болуы таң қалдырмайды. Бірі оны даттаса, екіншісі туындыны жақсы бағалары анық.

2017 жылы көрермен назарына жол сілтеген туындылардың бірі – Азамат Сатыбалдының продюсерлік жобасы ретінде түсірілген Ардақ Төлеубайдың «Бір сен үшін» атты фильмі. Талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленген бұл фильмнің жанрлық ерекшелігі, идеясы мен тақырыбы, кейіпкерлердің образы, психологиялық бояуы барлығы дерлік ұштасқан болатын. Негізгі идеясы – қызығы мен шышығы қатар жүретін махаббат үшін күрес, отбасын сақтап қалу.

Отау құрғанына 8 жыл болған отбасының ата-ана бақытын сезіне алмауы – жалғасын табатын негізгі оқиға. Сценарий бойынша жігіттің әкесі ерлі-зайыптыны ажыратпақшы болады. Оған түрткі – қара шаңырақта мұрагерсіз қалу қорқынышы. Бұл мәселелердің соңы – екі оттың арасында қалған Асқардың әйелінің көзіне шөп салумен аяқталған болатын. Абайсызда болған байланыс жүктілікке әкеп соқтырады. Оқиғаның ушығып, әрі қарай өрби түсуі – фильмге психологиялық бояу беріп тұрғандай.

Сонымен қатар, актерлар құрамы білікті азаматтардан құралған. Асқардың рөлінде – Азамат Сатыбалды, халық оны кәсіби актер ретінде жақсы танитыны сөзсіз. Әйелінің бейнесін(Айжан) Зарина Кәрмен алып шыға алса, Индира рөліндегі Айжан Байзақованың актерлік шеберлігіне жұрт тәнті.

Ал, режиссердің осы фильм арқылы халыққа берер маңызын айтатын болсам, негізгі идеясы толыққанды ашылмаған деп ойлаймын. Сенім мен үмітке, махаббатқа құралған бұл фильмде қазіргі таңда ауқымды мәселеге айналған тастанды балалар мен жүктілік жайлы ой қозғауға болады. Дей тұрғанмен фильмнің соңы мағынасын ашатындай оқиғамен аяқталмағандықтан, көпшілік жұрттың алған әсері су сепкендей басылып қалды.Одан бөлек туындының кей тұстарынан мәдени түрдегі әсірелеушілік пен логикалық тұрғыда миға қонымсыз нәрселерді байқайсын.  «Ең бастысы – махаббат пен жанұя, қалғаны маңызды емес, халық байқамай қалады» десе керек. Менің ойымша, халыққа, көрерменге деген сыйластық осындай ұсақ-түйектен басталады. Бүгін бар, ертең жоқ дүние ретінде қарамай, қоғамға тигізер пайдасына көңіл бөлсек деймін...

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (57.1 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club