Қаратоғай ауылы туралы
Автор: Berik Ka'diruly • Май 29, 2018 • Доклад • 475 Слов (2 Страниц) • 769 Просмотры
Қаратоғай қай мағынада?!
Ұлтарақтай болса да,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
Алаш партиясының ұраны
Тарихтан терең тамыр алған, әдебиет көздерінде кездесетін Қасиетті мекен, қарт Қарасеңгір тауының етегі мен Қаратоғай өзенінің екі ортасындағы Қаратоғай ауылы бүгінгі қалам тартуыма арқау болды.
Қасиетті мекеннің тарихы қат-қатпар тарихтың тереңінде екен. Ауыл маңайында шежіреден сыр шерткен таңбалы және балбал тастар, ауылдан үш шақырым жерден археолог ғалымдар 1960 жылдары синантроптың замандасын тауып, біз оқып жүрген оқулыққа енгізген екен. Осыдан оқиғалар желісі ауылдың тарихы тым ертеден басталғанын білдіреді.
Қасиетті құт мекенде Асан Қайғы абыз атамыз болып, былай деген екен:
Бұл Қарт Қарасеңгір,
Анау асау Қалғұты,
Жағалай қонған найманы.
Елу жылда өркендеп,
Елу жылда дау болған.
Иә, тарих сахнасында Қаратоғай Қарасеңгірімен «Ақбілек» орманында аталады, соған дәлел 1970 жылдары Ашыбасында табылған ақтардың тапаншасы. Қазіргі таңда Күршім ауданының тарихи-өлкетану музейінде сақталып тұр. Тарихтан сырт шерткен ауылымды Б. Бияров, Б. Келгембаева, А. Мырзағалиева, А. Егорина, М.Аханов, Б.Кәдіров сынды ғалымдар зерттеп, ғылымға үлес қосуда. Әуелі тарихы бай ауылым болашақтың мекені.
Тарихтан «Қаратоғай», «Қалғұтты» және «Қарасеңгір» атауларының мән-мағынасында қарастырып көруге тырыстым. Ғалым Бердібек Бияров және Бақытжан Келгенбаева «Шығыс Қазақстан облысының топомдары» атты кітабында бұл атауларға келесі сипаттама береді:
Қаратоғай – ауыл атауы. Қалғұтты ауылдық округының әкімшілік орталығы. Қаратоғай сөзі «Қара» және «тогай» сөздерінің бірлесуінен пайда болған, көне түрік-монгол тілінде «Қара» көп деген мағынаны білдірсе, «тогай», «тоогаи» бұта, тікенді ағаш не қатты ағаш дегенді білдіреді. Ал менің Айткен атамнан естіген әңгімемде былай баяндалады: Қаратоғай өзені өте асау еді. Су мол, маңайы қара ағаштан өскен жыңғыл болатын. Барымташылар Зайсан аймағынан жылқы қуып әкелгенде, осы жыңғылға қамап, қуғыншыларға аяқ ізін ұстатпаушы еді. Қаратоғай қанды өзен, түйелі адамды ағызатын. Осы тарихтың куәгерінің сипаттамасы мен ғалымдардың тұжырымы бір ауыздан шыққандай.
...