Шымкент
Автор: sansyzbaevaaura • Апрель 22, 2022 • Лекция • 564 Слов (3 Страниц) • 244 Просмотры
БП Шымкент қаласы экологиясын жақсартудың тиімді жолын көрсетеді.
Шымкент қаласы- Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала
Қалада 1 121 809 адам тұрады (1 қазан 2019)[6]. Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы
Экология-тірі табиғаттың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым. Тірі заттар туралы сөз болғанда адамдар, жануарлар мен өсімдіктер қауымдастықтардан тұрады деп айтылады. Қоршаған орта – тірі жанның өмір сүруі және оның ұрпағын сақтап қалуы үшін қолайлы орта. Бұл орта ауа, су, топырақ және жарық сияқты факторлардан тұрады. Қазіргі уақытта жиі естілетін «os ekosisteme çanşan» термині бүкіл тірі және жансыз ортаға қатысты қолданылады.
Қалыптаскан жағдай:
«Қалада 2020 жылға шығарындылар бойынша рұқсат етілген эмиссия көлемі 59 мың тоннаны құрайды. Бірінші жартыжылдықта нақты шығарындылар 15 мың тоннаны құрады. Қалдықтарды шығару лимиті – 837 мың тонна, ал нақты орналастыру – 69 мың тонна. 2018 жылмен салыстырғанда Шымкентте стационарлық көздерден шығарындылар азайып келеді. 2018 жылы олар 33412,5 тоннаны құраса, өткен жылы жылына 29793,5 тоннаны құраған», - дейді Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Уразғали Егембердиев.
Жол картасын Шымкент қаласының экология департаменті әзірлеп, қала әкімі мен ҚР Экология министрі бекіткен.
«Жол картасына енгізілген негізгі іс-шаралар атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту, жасыл белдеуді дамыту, абаттандыру және көгалдандыру, қалдықтарды басқару (бөлек жинау және кәдеге жарату), су ресурстарын реттеу, жер ресурстарын қорғау және қоршаған ортаны мониторингілеу болып табылады. », - деді Шымкент қаласының табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А.Татыбаев.
Қаладағы бұрынғы қорғасын-фосфор зауыттарының шлактары мәселесін шешу өте маңызды. Қорғасын зауытының қалдықтары 1,89 млн тоннаны құрайды. Сонау 2018 жылы сатып алу-сату шарты бойынша «Центркоммерцнаб» ЖШС олардың иесі болды. Қазір зауытта 70 жылдан астам жатқан қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын салынуда. Естеріңізге сала кетейін, зерттеу деректері бойынша зауыт маңында орналасқан балалар ойын алаңдарынан алынған топырақ үлгілерінде қорғасын мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен. Өндірістік аймақ орналасқан бұрынғы фосфор зауытының қалдықтарының көлемі 2397 млн тоннаны құрайды. Бұл қалдықтарды «Ферросплав-Тараз» ЖШС алып кететін болды. Бұл туралы компания 2012 жылдың ақпан айында келісімге қол қойған. Алайда содан бері ешнәрсе жасалған жоқ. Енді экология департаменті шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін сатып алу-сату шартын бұзу туралы хаттар жолдайды
...