Оқу практикасының
Автор: shaakhidyam • Сентябрь 20, 2022 • Отчет по практике • 772 Слов (4 Страниц) • 262 Просмотры
Кіріспе
I.Бөлім
1.1 Оқу практикасының мақсаты және жоспары
Жүргізілген жұмыстардың мақсаты: 1-2 семестрде алынған теориялық білімді бекіту, географиялық заңдылықтарды түсіну, бөлек компоненттердің әдістері мен анықтау жолдарымен танысу.
Практиканың негізгі мақсатына сәйкес студенттер аймақтың табиғат компоненттері мен географиялық ерекшеліктеріне сипатама бере отырып, теориялық білімдерін, географиялық құбылыстар мен үрдістерді бақылау дағдыларын бекітті, табиғи далалық зерттеулер әдістерін меңгерді, географиялық ойлау қабілетін арттырды, далалық материалдарды камералық өңдеу дағдыларын жетілдірді, негізгі табиғат кешендері арасындағы өзара байланысты анықтауды және анализдеуді үйренді. Сонымен қатар, тәжірибенің мәдени – тәрбиелік маңызы зор. Студенттер уақытты үнемді әрі дұрыс пайдалануды, бос уақытты ұйымдастырып, кез келген тапсырма мен алға қойған мақсаттарын орындауды үйренді.
Оқу практикасының міндеттері:
• теориялық білімді бекіту;
•географиялық құбылыстар мен үрдістерді бақылау дағдыларын бекіту ;
• табиғи далалық зерттеу әдістерін меңгеру;
• географиялық ойлау қабілетін арттыру;
•далалық материалдарды камералдық өңдеу дағдыларын жетілдіру;
• топырақ микромонолиттерін алу техникасын және далалық топырақ зерттеулерін меңгеру;
• әр түрлі табиғи аймақтар мен топырақтың далалық диагностика дағдысын меңгеру;
• адамның аумақтық кешендер мен табиғатқа әсер етуін зерттеу;
Көзбен түсіріс:
Көзбен түсіріс. Топография пәнінен алған теориялық білімдері мен дағдыларын бекіту. Практика барысында топографиялық карта жасауда студентер Зеренді оқу-сауықтыру кешені маңында көз мөлшерлік түсіріс жасалды. Студенттерді 4 бригадаға бөліп, планшет, компас, рулетка құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Студенттер азимуттарды компас, буссольдың көмегімен анықтап, нүктелер арасындағы арақашықтықты қадамның орташа қашықтығымен өлшеді.
Өлшенген аумақты а5 парағына салып, топографиялық карта жасадық.
Зерттелетін аудан – Ақмола облысы, Зеренды ауданы
Зеренды ауданы Қазақстан Республикасының солтүстігінде орналасқан. Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді.Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр
1.2 Зеренды ауданының физика-географиялық сипаттамасы
• Географиялық орналасуы
Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 7,8 мың км². Аудан орталығы – Зеренді аулы.
Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 м), Елікті (502 м), Нарөлген
...