Экономикалық теория
Автор: mereikaidarova • Октябрь 3, 2020 • Лекция • 1,455 Слов (6 Страниц) • 623 Просмотры
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексізқажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.
Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай - ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады
Экономикалық теория-бұл қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесі туралы ғылым.Бұл тұрғыдан алғанда ол адамдардың өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.Экономикалық теория, экономикалық қатынастарды талдай отырып,бірнеше қағидатты сұрақтарға жауап беруі тиіс:
-Экономикалық жүйе нені түсіндіреді,қалай қалыптасады,оның қандай құрылымдық элементтері бар, мақсаты мен әрекеті нені көздейді.
Экономикалық жүйе қалай қызмет етеді, қызмет ету үдерісінде оның өзара байланысты элементтерінің әрекеті қалай жүзеге асады және экономикалық шешімдерді қабылдауға қалай әсер етеді.
Экономикалық қатынастар жүйесі басқа қоғамдық қатынастармен, ең алдымен әлеуметтік және саяси қатынастармен қалайша әрекеттеседі.
Экономика-бұл ғылым, адамдардың және қоғамның өмірлік қажеттілітерін қамтамасыз ету мақсатындағы ресурстар,көбінесе шектеулі ресурстарды пайдалану туралы адамдар қызметімен тығыз байланысты шаруашылық жүргізу жқніндегі ілімдер жиынтығы.
Жалпы, экономика бұл шаруашылық жүргізу үдерісінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар туралы ғылым.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантилистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантилистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кенэнің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен
...