Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық теория пәнi әдiстерi

Автор:   •  Сентябрь 7, 2021  •  Практическая работа  •  1,230 Слов (5 Страниц)  •  268 Просмотры

Страница 1 из 5

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

____________________________________________________

1-тарау

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚОҒАМ ДАМУЫНДА  АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

  1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері
  2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

1.3   Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері

Қаралатын мәселелер

Экономикалық теория ұғымы. Экономикалық теорияның дербес ғылым ретінде дамуы. Қоғам байлығының қайнар көзі ретінде тауар ақша қатынастарын қалыптастыру. Экономикалық теорияның даму кезеңдері. Экономикалық теорияның мектеп өкілдері. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері. Экономикалық заңдылықтар. Қажеттілік түсінігі және олардың адамзат қоғамындағы заңдылық түрлері. Экономикалық игіліктер және олардың қызметтерімен айырмашылығы. Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар.

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін  қанағаттандыру үшін  қоғамдағы шектеулі немесе сирек  кездесетін ресурстарды  пайдалану арқылы  игіліктерді  өндіруді  зерттейтін ғылым. 

Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.

Экономика деген  гректің сөзі, сөзбе-сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. 

Экономикалық  теорияның даму кезеңдері төмендегідей топтарға бөлінеді:

Меркантелизм- итальян сөзінен аударғанда «мерканте» - саудагерлер, көпес, сауда, пайда дегенді білдіреді. XVI­XVII ғасырларда ең алғаш экономикалық ілім меркантелизм мектебі болды. Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында деп санаған.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп, халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (126.4 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club