Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық теория

Автор:   •  Сентябрь 30, 2018  •  Реферат  •  2,054 Слов (9 Страниц)  •  1,346 Просмотры

Страница 1 из 9

Экономикалық теория

Экономикалық теория қандай ғылым?

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері

Экономикалық талдаудың мәні, қағидалары және рөлі

Алғаш рет экономика терминін ежелгі грек философы Ксенофонт қолданды. Экономика сөзі гректің "oikonomia" деген сөзінен шыққан. Яғни "oikos" үй шаруашылығы және "nomos" заңдылық деген сөз тіркесінен алғанда экономика қарапайым түсінік бойынша үйшаруашылығын жүргізу заңдылығы немесе шаруашылықты басқару дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда адамзат қоғамының экономикалық болмасын зерттейтін экономикалық ғылымдар жүйесі қалыптасты. Экономикалық ғылымдардың ішінде "Экономикалық теорияның" орны мен рөлі ерекше.Экономикалық теория туралы көптеген ғылыми монографиялар,мақалалар және әртүрлі оқулықтар жарық көрді. Экономикалық теория экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейтін методологиялық ғылым ретінде бірнеше ғасырдан бері дамытылып келеді, бірақ бүгінгі күнге дейін оның ғылым ретіндегі зерттеу пәні тиянақты бір ретті анықталған жоқ.

Экономикалық теория үш ғасырдан астам уақыт бойы саяси экономия деген атпен өмір сүріп дамыды. Ғылым болып қалыптасқан кезеңнен бастап экономикалық теорияның пәнін анықтау мәселесі әртүрлі көзқарастарды тудырды. Экономикалық теорияның ғылыми зерттеу пәнін анықтау мәселесі төңірегінде өткір пікірталастық кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Оның себебі қоғамның экономикалық өмірі күрделілігімен және көп қырлылығымен сипатталады. Ол әртүрлі сипаттағы және әртүрлі деңгейлі көптеген экономикалық құбылыстар мен процестерді қамтиды.Кейбір экономистер экономикалық теория курсы тек нарық пен баға мәселелерін зерттейтін ғылым дейді. Басқалар осы ғылымның әмбебап сипаты барына назар аудара отырып, экономикалық теория - адамдардың іскерлік өмірі туралы, олардың табыс табуы және өміріне қажет мүлік табуы туралы ғылым дейді. Тағы біреулер, саяси экономиканы еске ала отырып, экономикалық теория - еңбек әрекеттерінің әр жүйелері мен типтеріндегі экономикалық қатынастарды зерттейтін ғылым дейді.

Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.Экономикалық теорияның танымпаздық қызметі оның тәжірибелік қызметімен байланысты. Экономикалық теория жасампаздық қызмет атқарып, мемлекеттің экономикалық қызметінің және рыноктық субъектілердің шаруашылық әрекеттердің теориялық негізі болып табылады.Экономикалық теорияның тағы бір үлкен қызмеі бар. Ол - ғылыми сын жасау қызметі.

Позитивті экономикс фактілермен жұмыс істейді және субъективті пайымдаудан еркін. Позитивті экономикс экономикалық жүріс-тұрыс жағдайында ғылыми түсініктерді тұжырымдауға тырысады. Ұйымның жетістікпен жұмыс істеу және даму қабілеттілігі өзгеріп тұратын ішкі және даму қабілеттілігі өзгеріп тұратын ішкі және сыртқы ортадағы өзінің активтері мен пассивтерін сақтаудан, тәуекелдің мүмкін болатын деңгейдегі өзінің төлем қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын үнемі қолдап отырудан тұрады.

Экономикалық талдаудың базалық қағидаларына ғылымилық,жүйелік,кешенділік,нақтылық, рейтингтік бағалау жатады.

Экономикалық талдаудың базалық қағидалары

Қағида

Ғылымилық

Қағидалардың мазмұны

Экономикалық жүйенің қызмет етуінің объективті шындығын, оның өзгеруі мен дамуына әсер ететін объективті факторларды терең танып білу

Жүйелілік

Экономикалық құбылыстар мен процестерді өзара байланысты элементтердің күрделі жүйесі

...

Скачать:   txt (23.7 Kb)   pdf (57 Kb)   docx (18.4 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club