Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономиканың банк секторында адами капиталдың даму мәселелері мен оны пайдалану тиімділігі

Автор:   •  Декабрь 1, 2018  •  Курсовая работа  •  26,788 Слов (108 Страниц)  •  670 Просмотры

Страница 1 из 108

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралыҚазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. (2017.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралыҚазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474 Заңы. (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы (2017.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

4 Инвестициялық қорлар туралыҚазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы (2017.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

5 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі: Қазақстан Республикасының Кодексі 2016 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ. (2017.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

АНЫҚТАМАЛАР

Адам капиталы - бұл дамудың өндірістік факторы ретінде адам капиталының тиімді және рационалды жұмыс жасауын қамтамасыз ететін, құрамына еңбек ресурстарының білімді бөлігі, білім, зияткерлік пен әкімшілік жұмыстарының құралдары, өмір сүру ортасы мен еңбек қызметі енген қоғам және отбасы дамуының, экономикалық дамудың қарқынды өндірістік факторы.

Адами ресурстары-экономикалықресурстардың түрлерінің бірі,күрделі құрылымы бар экономикалық дамудың басты факторы. Адам ресурстарының ерекшелігі, бұл- олардың бір уақытта, экономиканы дамыту үшін ресурстар, және адамдар –материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынушылар болуы.

Еңбек әлеуеті— бұл осы қоғамда дамығанеңбекке белсенді халықтыңдемографиялық, әлеуметтік және рухани сипаттамалары мен қасиеттерінің жиынтығы

Қаржылық капитал - (қолма-қол ақша) барлық қаржылық активтер және пассивтер, валюта және депозиттер, бағалы қағаздар, монетарлық алтын және сақтандыру резервтері, дебиторлық және кредиторлық берешек, инвестициялар

акционерлік капитал, несиелер мен қарыздарды қамтиды

Биологиялық адам капиталы – бұл халықтың денсаулық деңгейі, еңбек операцияларын атқаруда физикалық қабілеттердің өте құнды деңгейі.

Мәдени адам капиталы – еңбек қызметінде қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін және мәртебесі мен билік иесіне заңдастыратын индивидтердің білімділік, машық, дағды, моральдық сапалары, біліктілік даярлығы, зияткерлік қабілеттерінің жиынтығы.

Адам капиталын пайдалану тиімділігі – күрделі және көпжақты санат, оны келесі элементтер арқылы көрсетуге болады: жұмыскер еңбегінің, басқару аппараты еңбегінің, оның жекелеген органдары мен бөлімшелерінің тиімділігі; жүйе мен оны басқару үрдісінің тиімділігі.

Адам капиталына инвестициялар – бұл зияткерлік немесе натуралды өнім өндіруші және өзінің еңбек міндеттерін орындайтын қызметкер, жұмыскер ретінде жекелеген адамның құндылықтарының ұлғаю процесіне ақша қаражаттарының құйылуы.

Кадр саясаты – бұл ұйым мақсаттары мен басымдықтарын қызметкерлер мүдделеріне сәйкестендіруге ең жақсы түрде жәрдемдесетін еңбек ұжымын құру жөніндегі мақсатты қызметі. Кадр саясатының басты объектісі болып – персонал (кадрлар) табылады.

Инвестициялар - пайда алу мақсатында және (немесе) басқа да пайдалы әсерге жетуге кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті объектілеріне салынатын қолма-қол ақша,бағалы қағаздар, өзге де мүлік, соның ішінде ақшалай бағасы бар мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар.

Инвестициялық қызмет -пайда алу мақсатында және (немесе) басқа да пайдалы әсер жетістіктерге жету үшін- инвестициялар салу және тәжірибелік іс-әрекеттердіжүзеге асыру.

Қызметкердің адам капиталы гудвиллы – бұл қандай да бір қызметтер орындай алатын, міндеттерді шеше алатын қызметкердің нақты, нарықтық, жекелеген құнын көрсететін коэффициент.

Адам капиталының пайда индексі - ұйымның жыл бойындағы пайда қатынасы және жұмыс уақыты қызметкердің атаулы қорының өзгеру көрсеткіші.

Адам әлеуетінің даму индексі - интеграцияланған индексі, адам әлеуеті зерттеу саласындағы негізгі сипаттамалары ретінде өмір сүру ұзақтығы, сауаттылық, білім беру және ұзақ өмір сүрудің мемлекет аралық салыстыру және өлшеу үшін жыл сайын есептеледі.

...

Скачать:   txt (423.8 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (335.2 Kb)  
Продолжить читать еще 107 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club