Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық теория негіздері

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Реферат  •  3,643 Слов (15 Страниц)  •  1,165 Просмотры

Страница 1 из 15

Еуразия Гуманитарлық Институты

  Реферат

Пәні:Экономикалық теория  негіздері

Тақырыбы:Қазақстандағы банк жүйесі

                                 Орындаған:Тулепбергенова Аймира

                                                Тексерген:Жүкібай Марат Ыбырайымханұлы

Астана 2018 жыл

Жоспар

Кіріспе.

I-Бөлім.Банк жүйесі туралы ұғым

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

II-Бөлім.Коммерициялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары

2.1 ҚР банк жүйесін дамыту жолдары(реформалар)

2.2 ҚР 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер  

Кіріспе

  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі,бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне,экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор.Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көосетуді мақсат еттік.

 Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселесін ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болүын тұжырымдау.Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді,нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.

  Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай,нарықтық экономикаға өту жағдайына банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді.Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне жіне Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

 Соңғы бірнеше жылда,әсіресе 2000жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде.Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.

 Дегенмен,банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр.Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда.Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдармалар,реформалар жүзеге асуы тиіс.

 

I-Бөлім.Банк жүйесі туралы ұғым

Банк-өзінің жарғысы бар,толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға.Ол ақша қаражатын тарту,орналасытру және басқа банктік операциялар жүргізітін мекеме.

1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы

      ҚР банк жүйесінің құрылымын ҚР банктер және банк қызметі туралы республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар.Ұлттық банк-мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғаргы (бірінші) деңгейіндегі банк.Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі(екінші) деңгейіндегі банктер делінген жолдардан көруге болады.

      Біріншіден,Ұлттық банктің құрылымын қарасытрсақ,оны ҚР Ұлттық банкі туралы Заңы және ҚР Ұлттық банкі туралы ережесі негізінде көруге болады.

1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

       Кенес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты.Патшалық Ресейдің банк жүйесіне:Мемлекеттік банк,акционерлік банктер,қалалық банктер,ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.

...

Скачать:   txt (50 Kb)   pdf (216.3 Kb)   docx (29.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club