Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области

Автор:   •  Май 4, 2019  •  Отчет по практике  •  6,873 Слов (28 Страниц)  •  937 Просмотры

Страница 1 из 28

КІРІСПЕ

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі.

Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  - бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ауқымды проблеманы алып отыр. Себебі, табиғи қорлар қажетті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Елімізде көптеген құнды ресурстар бар,бірақ оны пайдалану деңгейі төмен және де оны жүзеге асыратын маман иелері елімізде тапшы болып отыр.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыратын Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасы өндірістік тәжірибе объектісі болып таңдалды. Өндірістік тәжірибе мерзімі он аптаға созылды: 28 қаңтардан 5 сәуірге дейін.

Өндірістік практикадан өтудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • мемлекеттік органның негізгі қызметтерін талдау;
  • ЖОО алған білімді тереңдету, бекіту және практикада қолдану;
  • мемлекеттік органның құқықтық ережесімен танысу;
  • өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы толық есеп жазу үшін қажетті материалдарды іріктеу және өңдеу.

Зерттелген материалдар негізінде өндірістік практикадан өту туралы ұсынылған есеп жасалды. Есеп 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде: мемлекеттік мекеменің құрылуы, жалпы ережелері мен сипаттамасы қаралды.

Екінші бөлімінде: мемлекеттік мекемесінің қызметіне талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімінде: департаменттің қызметін жетілдіру жолдары, перспективалық жоспары және даму стратегиясы қарастырылған.

Жұмыстың соңында тәжірибе нәтижесі мен ұсыныстар көрсетілген қорытынды ұсынылады.

1 «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы

  1. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.

Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.

...

Скачать:   txt (103.2 Kb)   pdf (298.2 Kb)   docx (85.6 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club